- Қалалық әкімдіктің жанында жұмыс істейтін авариялық қызметтерді қандай жағдайда шақыра аламыз? Үйдің шатыры ұшып кетсе немесе сылағы түсіп қалған жағдайда осы қызметтерге жүгіне аламыз ба? ПИК жоқ көп қабатты үйлер осы қызметті қалай қолдана алады?
Сұраққақалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының басшысы Еркін ҒАЛИЕВ жауап берді.
- Қалалық әкімдіктің жанындағы апаттық бригада тәулік бойы қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесінде болатын апаттық жағдайлардың алдын алу және бір жолғы қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Жылу беру маусымы уақытында жылу жүйесіндегі апаттық жағдайлар үшін әрбір тұрғын осы қызмет түріне жүгіне алады.
Ал, үйдің шатырындағы ақаулар, сыртқы сылақтарының түсуі анықталған жағдайда оны тұрғындар ПИК-пен бірлесіп, ПИК болмаса, үй тұрғындардың ортақ меншігі болғандықтан, жөндеу жұмыстарын өз күштерімен жасаулары тиіс.