- Қаламызды көгалдандыру жұмыстары қалай атқарылуда?
Арай Бегісбай, қала тұрғыны
Сұраққа қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының басшысы Еркін ҒАЛИЕВ жауап берді.
- 2010-2013 жылдар аралығында қала және қала аумағына қарасты елді мекендерді көгалдандыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлеміне Ғұмаров, Владимирский, Тайманов, Абай, Әуезов, Құнанбаев, Махамбет, Әлиев, Азаттық, Сатыбалдиев, Құрманғазы көшелеріне, Қ.Смағұлов атындағы аллеяға және әуежай бағытындағы автокөлік жолы жанына жалпы алғанда 19 мың дана жас көшет отырғызылды. Осының ішінде тек 2013 жылдың көктем айының өзінде аталған көшелерге 9 мың дана жас көшет отырғызылды. Жылма-жыл көктем айларында егілген жас көшеттерге мердігер мекеме тарапынан жыл бойына күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі. Күз айларында олардың орнына жаңа ағаштар егіледі. Осы күнге дейін егілген 19 мың дана жас көшеттің барлығы қоршаған ортаға бейімделіп кетті. Ары қарай күтіп-бапталуы бөлім мамандары мен келісімшарт бойынша кепілдік мерзімдеріне сай мердігер мекемелердің қатаң бақылауында.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыға қала көшелеріне жалпы алғанда 11 мың дана жас көшет отырғызу жұмыстары көзделіп отыр.