- Қала автобустарындағы кондукторлардың көбі жолаушыларға дөрекі сөйлеп, ұрысып жатады. Оларға әдептілік сақтау, ұстамды болу туралы ескертілмей ме?
Абат Саламатов
Сұраққа қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының басшысы Еркін ҒАЛИЕВ жауап берді:
- Аптасына екі рет «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің мамандары қалалық және қала сыртқы маршруттарға тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Тексеріс кезінде орын алған кемшіліктерге (билет бермеу, дөрекі сөйлеу, тазалық сақтамау, т.б.) акт жасақталып, шара қолданылады.