«Бүгін, 2014 жылдың 29 сәуірінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов және Дүниежүзілік Банкінің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Шебнем Аккая «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы» және «Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімдерге қол қойды», - деп көрсетілген хабарламада.
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасына ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның қаржыландыруына 102,9 млн. АҚШ долл. сомасында және сот төрелігінің секторын нығайту жобаның қаржыландыруына 36 млн. АҚШ долл. сомасында қарыздар береді.
«Аталған жобалардың жүзеге асырылуы елдің жиі қоныстанған Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы трансшекаралық өзен бассейндеріндегі ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық өмір сүру жағдайларын жақсартуға және институционалдық негіздерді нығайтуға және іске асырылып жатқан құқықтық реформаларды қолдауға бағытталған Қазақстанның құқықтық жүйесін әрі қарай жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды»,- деп Бақыт Сұлтанов атап өтті.
Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобасының екінші фазасы іске асыру қолдағы бар ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру негізінде құрғақшылыққа бейім оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда) орналасқан трансшекаралық өзендердің (Сырдария, Шу, Талас және Іле) бассейндері маңайындағы ауыл халқы тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайларын жақсартуға бағытталған. Жобаның мақсаттары мелиоративтік негіз болатын, су және суарудың топырақты қорғау технологияларын ендірумен ауылшаруашылық тауар өндірушілердің ирригациялық және дренаждық жүйелерінің техникалық жағдайы мен пайдалануын қалпына келтіру және жақсарту болып табылады.
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» жобасы түйінді ұйымдардың институционалдық мүмкіншіліктерін және операциялық тиімділіктерін жоғарылатуға бағытталған. Жоба институционалдық кеңістікті және құқықтық секторының мемлекеттік органдарын үйлестіруді жақсартуға, заңдарды әзірлеу және жүзеге асыру сапасын көтеруге, құқықтық сектор қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін оқыту және дүниежүзілік озық тәжірибемен таныстыру арқылы арттыруға, құқықтық секторының ақпараттық инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға ықпал етуді көздейді.
Қарыздар Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен жеңілдік кезеңді қоса алғанда ұзақ мерзімге беріледі. Пайыздық мөлшерлеме пайыздың әрбір есептелу кезеңіне LIBOR+құбылмалы спрэдке тең, ол бүгінгі күні 1 пайыздан кем мөлшерді құрайды. Бір жолғы комиссия - 0,25 %-ды құрайды.
Тартылатын қарызға қызмет көрсету мен өтеуді Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көзделген қаражат есебінен Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.
Дүниежүзілік Банкі Қазақстанмен өз ынтымақтастығын 2012-2017 жылдарға арналған Стратегиялық әріптестік шеңберінде жалғастыруда. Стратегия шеңберінде бәсекелестікті жоғарылату және жұмыс орындарын құру, мемлекеттік секторда басқару сапасын жақсарту мен мемлекеттік қызметтерді көрсету, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау сияқты дамудың түйінді басымдарына шоғырлану жоспарланған.
Жалпы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Банкімен ынтымақтастығы ортамерзімдік уақытта қатынастардың тұрақтылығы мен нәтижелерге бағытталған жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформаларға негізделетін болады.
Тәуелсіздік алғаннан бері Дүниежүзілік Банкі Қазақстан Республикасына жалпы сомасы 6,2 млрд. АҚШ долларына қарыздар берді.
Дүниежүзілік Банкі негізгі стратегиялық әріптестердің бірі және Қазақстан Республикасының ірі донорларының бірі болып отыр және көрсетілген Келісімдерге қол қою тараптар арасындағы жоғары сенімділікті тағы да растайды және ынтымақтастықтың нығаюына жарқын дәлел болады.
Дереккөз: bnews.kz