Атырау, 27 қараша 00:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әкім: Керек адамдарға шығамыз

4 706 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАНАтырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАНБілім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі төрт мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН есеп берді.

ОҚУШЫЛАР ҮШІН БАЛ БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?

Білім беру саласында екі бағдарлама: «Балапан» мен «2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Бүгінде балабақшаларға 18,5 мың бала орын күтіп жүр. «Балапан» бағдарламасының арқасында 2013 жылы 13 балабақша, 25 шағын орталықтар, 9 қосымша топтар – барлығы 1324 орын ашылды. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, Исатай ауданындағы ахуал жақсырақ. Мектепке дейінгі мекемелердегі орынмен қамтылу 92,5 пайызды құрайды. Қызылқоға ауданында 3-тен 6-ға дейінгі жастағы балалар жақсы орналастырылған.

- Әріптестер, осы аудандардың тәжірибесін пайдалануды ұсынамын. Мәселен, Қызылқоға ауданы бос тұрған нысандарға жөндеу жүргізуде. Оларды балабақшаға бейімдеп, қайта жарақтайды, - деді Мұқан.

Биылғы жылы 4800 жаңа орынды іске қосу жоспарланып отыр. Мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға бағытталған білім беруді дамытудың екінші бағдарламасы 2011-2020 жылдарға есептелген. Барлығы облыста 196 мектеп бар. Соңғы 3 жылда олардың 76-сы күрделі жөндеуден өткен. Енді 105 мектеп күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Биылғы жылы 24 мектеп, қалғандары – таяудағы 3 жылда жөнделетін болады.

- Бұл жердегі проблема – күрделі жөндеу бойынша жұмыстар кешенді түрде жүргізілмей отыр, - деді Мұқан – Айталық, егер биыл биылғы жылы жылу жүйесін жүргізсе, келесі жылы ыстық және салқын сумен қамту жүйелеріне немесе асханаға жөндеу жүргізеді. Осылайша, жеке-жеке құжаттар жасақтап, қаржы жұмсайды. Мұндай проблемалар болмас үшін, жөндеу жұмыстары кешенді түрде жүргізілуі тиіс деп есептеймін.

Мектептердің компьютерлермен қамтылуы 100 пайыз құрайды. 1 компьютерге 8 баладан келеді. Орташа алғанда республика бойынша бұл көрсеткіш 11-ге тең.

- Бірақ көптеген мектептерде ескі компьютерлер тұр, мен оны аралаған кезде өз көзіммен көрдім, -деп қарсылық білдірді облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ. - Уақытында жаңартып отыру керек.

- Олар тез ескіріп, істен шығады, - деп атап өтті Мұқан. – Соңғы кездері 2234 компьютер ауыстырылды.

Ыстық тағамға өткен жылы облыстық бюджеттен бастауыш сыныптардың оқушылары мен аз қамтылған отбасы балалары үшін 935 млн теңге бөлінді, 2014 жылы 1,2 млрд теңге қарастырылды.

- Мұндағы басты проблема - азық-түлік бағасының әртүрлілігі. Әр аудан, әр мектеп өз бетімен мемлекеттік сатып алу өткізеді. Мәселен, сүт бағасы 200-235 теңге арасында болса, сүзбе бағасы 700-1000 теңге аралығында, - деп хабарлады Мұқан.

- Неліктен тіпті қала шеңберіндегі бағалар да әр алуан? Бұл қалай мүмкін болады? Белгілі бір өнімнің бағасындағы айырмашылық 50 пайызға дейін жете ме?! – деп наразы болды Ізмұхамбетов.

- Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінде де осындай жағдай. Бұл азық-түліктерге түрлі әрі әжептәуір қымбат бағалардың қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан бұл жұмысты қазір құрылып жатқан мемлекеттік сатып алулар жөніндегі басқарманың құзырына беруді ұсынамын, - деді Мұқан.

Ізмұхамбетов оқушылардың ас мәзіріне бал мен шұбатты қосуды ұсынды, алайда осы идеяны қаржыландыру мәселесі пысықтауды қажет етеді.

 

ТУБЕРКУЛЕЗ БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Денсаулық сақтау жөніндегі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ол 45 көрсеткіштен тұрады. Атырау облысында олардың екеуі: ЖКО нәтижесі бойынша кісі өлімін азайту және зардап шеккен жандар қатысқан ЖКО санын азайту бойынша орындалмаған.

2010 жылдан бастап зардап шегушілері бар ЖКО саны 4 есеге көбейді. Мұнда зақым алғандар саны 5,5 есеге артты. 2013 жылы 626 адам түрлі деңгейде зақым алды. Ал қаза болғандар саны 73-тен 127-ге дейін, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.

- Не істеп жатырмыз? 2013 жылғы мамыр айынан бастап Индер, Жылыой, Мақат аудандарында ауруханалардың жанынан Жол апатынан зардап шеккендерді емдеуге арнайы бөлімше құрылып, арнайы мамандар дайындалды.Мұндай проблема барлық облыстарға тән болғандықтан, Денсаулық сақтау министрлігі бастап трасса бойынан арнайы пункттер ашуды жоспарлады. 2015 жылы Доссор мен Құлсарының және Исатай мен Құрманғазының арасында екі трассалық медпункт ашылады.

Атырау облысы бұрынғыша туберкулез сырқаты бойынша ең алдыңғы орын алып отыр. Алайда есептеме бойынша бұл көрсеткіш жыл сайын азаюда. Бүгінгі таңда облыста туберкулезбен ауыратын күнкөрістері төмен 302 науқас амбулаториялық емдеу кезеңінде қосымша тамақтандыруды (33,5 млн тг қажет), 177 науқас амбулаториялық емделу кезеңінде жолақысын қамтамасыз етуді (38 науқас Атырау қаласынан, 139 - 7 ауданнан - 3,4 млн тг) талап етеді. Облыстық бюджеттен ақша шығаруға заңды негіз жоқ.

- Ақшалар есептелді – шамамен 37 млн теңге. Алайда облыстық бюджеттен ақша бөлу үшін заңды негіз жоқ, - деді Мұқан.

- Министрлік деңгейінде мәселені көтеру керек. Маған осы ұсынысты әзірлеп беріңдер, біз үкіметке, депутаттарға, кім керек, соларға шығамыз, - деп үміттендірді Ізмұхамбетов.

Атырау облысы ана өлімі бойынша да Ақмола облысынан кейін 2-ші орында тұр. Бала өлімінің көрсеткіші өткен жыл ішінде 2012 жылмен салыстырғанда 35%-ға төмендеді. Мұқан облыс халқы өлімінің негізгі себептерін атады:

1 орында - қан айналымы жүйесі аурулары (20,6%);

2 орында - қатерлі ісік аурулары (14,0%);

3 орында - жарақаттану мен уланушылық (12,0%).

Денсаулық сақтау саласының төменгі деңгейі – жалпы әңгіме ғана. Әкімдіктегілер басты себептердің бірі кадр мәселесі деп есептейді. Облыста 1370 дәрігер, 4140 медбике қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік медицина ұйымдарына 210 дәрігер жетіспейді.

- Мен уәде бердім ғой – шақырыңдар, біз баспана береміз, бәріне қызметтік көлік береміз, әуелі біраз жұмыс істесін, содан соң көре жатамыз, - деп сөзін бөлді Ізмұхамбетов.

Өткен жылы денсаулық сақтау саласына облыстық және республикалық бюджеттен 18 млрд теңге салынды.

7 аудандық денсаулық сақтау бөлімдері үшін 6 реанимобиль, 18 автокөлік алынды. Биыл қосымша 30 автокөлік алынбақ. 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт салу жоспарлануда. 2014-2016 жылдарға Атырау қаласындағы Өркен шағын ауданынан ауысымына 250 келушіге арналған емхана салу жоспарланған. Индер ауданы Көктоғай селосынан дәрігерлік амбулаторияның, Ганюшкино селосында 75 орындық аурухананың және фельдшерлік-амбулаториялық пункттің құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда.   

 

ӘРІ ҚАРАЙ НЕ ІСТЕМЕК?

2011-2013 жылдары «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен Атырау облысына облысқа 9 млрд теңге бөлінді. Осы бағдарлама бағыттарының бірі бойынша 1750 адам жұмыспен қамтылып, екінші «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша - 2013 жылы кәсіби оқумен 1 423 адам қамтылып, олардың ішінен оқуды аяқтаған 640 адамның 482-сі тұрақты жұмысқа орналасты.

- Кәсіби оқуды аяқтаған адамдарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі әлі де оң нәтижесін таппай отыр. Ең төмен көрсеткіштер Құрманғазы ауданында - 1,4%, Атырау қаласында - 21%. «Жастар тәжірибесіне» 1 356 жас түлек жолданды. Жұмысын аяқтаған 980 адамның 198-і тұрақты жұмысқа орналасты (20,2%). Былтыр кәсіби даярлау – 1000 адам болса, биыл – 40 адам. Өткен жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 1 179 адам жіберілсе, биыл 255-ке төмендеттік. Себебі, ертең әкімдер жұмысқа орналастыра алмайды. Бұл мәселелер селекторлық мәжілістерде үнемі талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 наурыз 2014, 21:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.