Атырау, 26 қараша 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Арқадағы ауыр жүк

3 932 просмотра

Мектеп оқушыларының сөмкелері алға қарай «жүдейді»: астаналық шенеуніктер отандық кітап шығарушыларға оқулықтардың салмағын азайтуға тапсырма берді. Ал әзірге олар оқыту сапасына нұқсан келтірмей, қажетті материалдарды қалай жинақы беруге болады деп шешім шығарғанша, біз күн сайын оқушы өз сөмкесімен қанша келі «білімді» арқалап жүретінін және мұның денсаулыққа қалай әсер ететінін тәжірибе жасау арқылы білгіміз келді.

Танысып қойыңыздар, Бұл - Иван, №20 мектептің бесінші сынып оқушысы. Күнде баласын оқуға дайындап жіберетін анасы мектепке қажетті заттарға толы оқушы портфелін көтеру базардан зат әкелгендегі сөмкелерден де ауыр тартатынын мойындады.

Мәселен, бейсенбі күні Ваняға алты сабақ болады. Оның сөмкесіне математика оқулығы мен көмекші құралы, қазақ, ағылшын және орыс тілі пәндері бойынша кітаптар, тарих пәнінің оқулығы салынады. Сонымен қатар, осы пәндер бойынша дәптерлер, күнделік, қалам мен сызғыш және түрлі түсті қарындаштар салынған екі қорапша тағы бар.

Бұл «байлықтарға» қарап тұрып, біз сөмкені электронды таразыға салдық. 4 келі 650 грамм. Оған оқушының міндетті ауыстыратын екінші аяқ киімін қосыңыз, таразы бес келіден асты. Ваня бұл заттарға тағы бір дорбаны қосты – спорттық киім мен қорғаныс қалқандары (таэквондоға барады). Таразы тілі 6 келіні көрсетті. Үлкен қарбыздың салмағы. Баланың өзін өлшеп көрдік – 32 келі 200 грамм.

Күніне екі рет осы салмақты арқасына салып, мектепке барып келетін Ванядан «ауыр емес пе?» деп сұрап едім, «Жоқ!» деп ерлерше жауап берді ол. Алайда, сөмкеңді асыншы деген өтінішімді лажсыздан орындады. Сөмкесін арқасына салғанда, бүгежіктеп кетті.

Әзірге әзірлеушілер материалдарды министрлік белгілеген санитарлық-гигиеналық нормаларға (бастауыш сыныптар үшін300 грамм, 5-6 сыныптарға 400 грамм, 7,9 сыныптарға 500 грамм) сыйғызуға тырысып жатқанда, Ваняның және басқа да оқушылардың омыртқасы зақымдана береді.

- Ортопедиялық норма бойынша оқушы сөмкесінің салмағы баланың салмағының 10-45 пайызынан аспау керек, - дейді 30 жыл еңбек өтілі бар педиатр Жібек БИСЕНОВА. Яғни, Ваняның білім қоржыны рұқсат етілген нормадан асып тұр.

- Ресми статистика жоқ, алайда көптеген балалар мектепті бітіргенде біліммен бірге сколиоз, остеохондроз және омыртқаның қисаюы сияқты аурулар алып шығады, - дейді Ж. Бисенова. – Ауыр портфельдер мен сөмкелер көтеру омыртқа жотасы мен ішкі мүшелерге әсер етеді, сондай-ақ, бала шаршайды, жүрекке күш түседі.

Ваняның таэквондоға барып жүргені қуантады, әрине. Спорт денсаулықты, омыртқаны нығайтады ғой. Мүмкін, сколиоздан да құтылудың сәті түсер... ..

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

27 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.