Далалықта жұмыс жасайтын мұнай компанияларының бірінің қызметкерлері адам мүрделерінің қалдықтарын тауып алып, бейнежазбаға түсірген соң, БАҚ өкілдеріне әкеліп көрсетті. Кейін оның ескі қорым екендігі анықталды.
Облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау инспекциясының басшысы Мұхамбетқали КИПИЕВТІҢ айтуынша, адам сүйектерін ТШО аумағында жұмысшылар тауып алған екен.
- Ол жерден сүйектер алғаш рет 2005 жылы карьерді әзірлеу барысында табылған еді. Біздің қызметкерлер сол жерге барып, мұның шағыл астындағы ежелгі қорым екенін анықтады. Бұл, не де болса, осы жерлерді қола дәуірінде мекен еткен (біздің дәуірімізден бұрынғы 1,2 мыңыншы жылдар) тайпа өкілдерінің қалдықтары болуы керек. Қорым табылғаннан кейін бұл жерде жұмыс тоқтатылып, қоршалып, ақпараттық тақта қағылды, - дейді М. Кипиев.
Мұхамбетқали КИПИЕВ2009 жылы облыстық тарих және археология орталығы және инспекция қызметкерлері ТШО басшылығынан компанияның лицензияланған жер телімінде тарихи нысанды зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат сұраған еді.
- Олар бізге келісім берді. Сол жылдың мамыр айында экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері бар аумақты зерттеді, ол 2500 шаршы шақырымды құрайды екен. 42 тарихи-мәдени мұра нысаны анықталды – 32 археологиялық және 10 архитектуралық нысан табылды. Экспедиция кезінде табылған мүрделер қола және ерте темір дәуірінде өмір сүрген.
2009 жылғы экспедиция қорытындыларын сараласақ, бұл аумақта мыңдаған жылдар бұрын адамдардың көп қоныстанғаны анық, сондықтан да мұнда қорымдар көп.
- Жақында біз ТШО басшы-лығына осы аумақты тереңірек зерттеуге көмектесулерін өтіндік. Бұл жерлерге кешенді археологиялық қазбалар жүргізу керек, - дейді М. Кипиев.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ