Атырау, 25 қараша 00:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тергеушілер экипаж мүшелері жоғалтқан уақытқа диспетчерді кінәлап жатыр − айыпталушының әкесі (ФОТО)

1 385 просмотра
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша сот отырысынан шыққан айыпталушы Қанат Ақылбековтың әкесі Жұмабек Ақылбеков әскери прокуратураның тергеушілері экипаж мүшелері жоғалтқан уақытқа диспетчерді кінәлап жатыр деді. Бұл туралы Bnews.kz тілшісі хабарлап отыр.

Азаматтық авиацияда 43 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Жұмабек Ақылбековтың пікірінше, әуе апатының бірінші себебі –экипаж мүшелерінің әуеде дұрыс жұмыс істемеуі. Ұшақ Астанадан ұшып шыққан кезде экипаж техникалық ақаулықты байқаған. Мәселен, биіктікті өлшейтін аспап істен шыққан. Соған қарамастан, бұйрықты орындау керек болғандықтан ешкімге айтпаған болуы керек.

«Ең болмағанда, Астанадан Шымкентке жеткенше диспетчерлерге хабарлағанда, апаттың алдын алуға болатын еді», - дейді ол.

«Жерде отырған диспетчер ұшақтың аппаратурасы істен шыққанын қайдан білсін? Шымкентке жақындаған кезде ауа-райы нашар болғандықтан, қосалқы аэрадромның жағдайын білу үшін биіктікті шамалы уақыт ұстап тұрған», − дейді Жұмабек Ақылбеков.

Сондай-ақ, айыпталушының әкесінің айтуынша, диспетчер аэрадромның жағдайын білген соң, экипажға жерге қонуға рұқсат еткен. Шымкенттің ауа қысымын анықтап, 800 метрлік биіктіктен қонуға рұқсат етеді.

«Сол сәтте экипаж мүшелері қона алған жоқ. Өйткені жылдамдықты, дөңгелекті түсірумен айналысып отырған кезде бір минут уақытты жоғалтып алған. Әскери прокуратураның тергеушілері болса дәл осы уақытты диспетчерге аударып жатыр», − дейді Жұмабек Ақылбеков.

Сот отырысында 11 жәбірленуші мен бір куәгер сөз алды.

Дереккөз: bnews.kz

 

13 наурыз 2014, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.