Атырау, 26 қараша 22:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қола айналардағы көне кескін

6 204 просмотра

Облыстық өлкетану музейінде біздің облысымыздың аумағынан түрлі уақытта археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған музей қорындағы көне қола айналардың көрмесі ашылды.

Жәдігерлердің көпшілігі ежелгі Сарайшық пен Ақтөбе-Лаэти қалашықтарының аумақтарынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды. Алайда арасында Жылыой ауданының Иманқара обасы мен Қаратон поселкесінен табылған ерте темір дәуіріндегі айналар да бар. Ал 2012 жылы өлкетану музейінің қызметкерлері Индер ауданындағы Қылым-2 қорғанын зерттеу кезінде ерте темір дәуірінен жақсы сақталған қола айнаны тауып алды.

– Археологиялық зерттеу мәліметтері бойынша, айналардың тарихы 5 мың жылмен саналады, - дейді облыстық өлкетану музейінің ғылыми-қор бөлімінің аға ғылыми қызметкері Светлана НҰРПЕЙІСОВА. – Ең көне айналар Мессопотамияда, Мысырда, Грекияда пайда болды. Біздің эрамызға дейінгі ІІІ мыңжылдықта оларды қара мәрмәрдан, обсидианнан, жалтыраған пириттен дайындады. Мысыр перғауындары піл сүйегімен жиектеліп, ақықпен және көк таспен безендірілген алғашқы алтын, күміс және қола айналарды қолданды. Ал қоладан жасалған жиналмалы қалта айнасы Грекияда біздің эрамызға дейінгі V-IV ғасырларда ойлап табылды.

Қола айналар кең тараған, алайда оларды дайындау сол кезде оңай емес еді. Жерорта теңізі елдерінен бастап Үндістанға, Қытайға және Жапонияға дейінгі кең аумақта құйылған айна қорытпаларының құрамы әтүрлі болды. Бірақ бәрінде де қалайының мөлшері көп болатын. Қола айналар бейнені өте көмескі және бұлыңғыр етіп көрсетеді, олардың сыртқы беті тез қарайып кетеді. Өз бейнесін қарау үшін сол кездегі сұлуларға өз айналарын үнемі ұзақ уақыт жылтыратып ысып тұруға тура келетін.

Біздің ата-бабаларымыз үшін айна тек сән-салтанат бұйымы ғана емес, сиқыры бар бұйым болды. Пішіні үнемі шеңбер болып келеді, оны күнге теңестіретін. Ал келесі жағы нағыз өнер туындысын білдіреді. Мәселен, қытай айналарының келесі жағында дәстүрлі түрде геометриялық ою-өрнек немесе жануарларды, гүлдерді, жапырақтарды суреттейтін күрделі суреттер безендірілген. Жапонияда құйылған қола айналарға сәттілік пен аман-дықты бейнелейтін сурет тән.

Біздің ауқатты ата-бабаларымызда айналар көбінесе Ұлы Жібек жолымен өтетін сауда керуенінің арқасында пайда болды. Оларды сатып алуға асыққандарды қазірде де түсінуге болады: олар өте әдемі еді.

Көрме наурыздың аяғына дейін жалғасады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсіргенҚанат ЕЛЕУОВ

13 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.