Атырау, 26 қараша 22:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ішкі бағам

2 880 просмотра

Жария етілген девальвациядан соң қазақстандықтардың көпшілігі өз жинақтарын қамдауға кірісті. Кейбір банктердің алдағы уақытта банкротқа ұшырайтындығы туралы таралған әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен sms-сілтемелер отқа май құйғандай болды. Жұртшылықтың дүрбелеңін түсінуге болады. Қазір адамдар биліктің де, банкирлердің де сөздеріне сенбейтін болды. Олардың жалғыз ғана қалаулары – девальвациядан кейін әжептәуір құнсызданып кеткен жинақтарын сақтап қалу ғана.

Kaspi Bank  басқармасының төрағасы Михаил ЛОМТАДЗЕНІҢ ақпараты бойынша, үш күн ішінде  жеке тұлғалардың депозитінен 40 млрд теңге түсіріліп алынған. Соған қарағанда, көпшілігі өз жинақтарын пайда түспесе де, көп шығынға ұшыратпай, үйлерінде сақтамақ. Бұл үй ұрыларына қолайлы болары сөзсіз. Өз ақшаңызды қалай қорғауға болады?

 

ҮЙ ҰРЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Банктерге сенімін жоғалтып, депозит салымдарын қолма-қол ақшаға айналдыруға асыққандар үшін ең сенімді тәсілдердің бірі – банк ұяшығына өз жинақтарын сақтауға орналастыру. Алайда ақшалай қаржыны сақтаудың осы тәсілінің әжептәуір екі кемшілігі бар. Ұяшыққа салынған ақша табыс әкелмейді. Оны тек банктің жұмыс уақытында ғана алуға болады. Оған қоса банк ұяшығын ұсыну қызметі әжептәуір қымбат – ұяшықтың әрбір күнін жалға алу 200-ден бастап 2000 теңгеге дейін және одан жоғары.

Азаматтардың көпшілігі үшін қаржылық дүрлігіс жағдайында ақша сақтаудын ең қолжетімді және жақсы орны өз баспанасы болып қалмақ.

Алайда, құқыққорғау органдарының қызметкерлері атап өткендей, ақшаны үйде сақтаған әрбір адамға тоналып қалу қаупі төнеді. Үй ұрылары құпия орындарды жақсы біледі. Оларға үй ішін астан-кестен қылып, жасырылған ақшаны табу үшін бірнеше минут қана жетіп жатыр. Полицейлер қалай болғанда да өз жинақтарын төмендегі жерлерге сақтамауға кеңес береді:

– Шкаф ішіндегі киімдер арасына немесе кір киімдер салынған себетке, кір киімдер үйіндісіне, ескі жадағайдың қалтасына, пиджактардың астарына, шұлықтарға және т.б.;

– Матрас астына;

– Комодтардың, жазу үстелдерінің, қобдишалардың жәшіктеріне;

– Кітаптарға немесе компакт-дискілердің арасына;

– Айнаның, картиналардың, сағаттардың астына, қабырғадағы кілемдердің артына, құмыраларға;

– Антресольдар мен қоймаларға;

– Асүйге: тоңазытқышқа, жарма салынған банкаларға, пеш ішіне, вентиляциялық шахтаға;

– Унитаз багына, ванна астындағы қоқыс шелегіне және тұрмыстық техникаға.

Өз жинақтарын сақтағылары келетін жандарға сенімді құпия орын туралы ойланатын кез келді.

 

СЕЙФ ТАҢДАЙМЫЗ

Бүгінгі нарықта жеке үйде де, қарапайым пәтерде де бағалы заттар мен ақшаларды сақтау үшін керемет құпия орын бола алатын алуан түрлі сейфтер кеңінен ұсынылған. Анағұрлым оңтайлы нұсқаны қалай таңдауға болатынын «Мир сейфов» ЖШС Атырау филиалының коммерциялық директоры Андрей НЕЛЕПА әңгімелеп берді:

– Сейфті таңдау  тұтынушының оған қандай талап қоятындығына және оған нені сақтағысы келетіндігіне байланысты болады. Өйткені мұндай сақтау орны ақша мен бағалы заттарды ғана емес, маңызды құжаттарды, күшті дәрілерді сақтау үшін де өте жарамды. Қару қожайынына, мәселен, үйде сейф ұстау міндетті. Бүкіл сейфтерді екі негізгі түрге– бұзуға берік және құжаттар мен ақшаларды өрттен сақтауға қабілетті отқа берік түрлерге бөлуге болады. Сондай-ақ, осы екі қасиетке ие әмбебап түрі де бар. Бірақ мұндай сейфтердің бағалары анағұрлым қымбат. Тұрмыстық мақсаттар үшін бұзуға берік І-ІІІ класты үлгілер лайық. Бұзуға берік емес сейф болаттың қалыңдығымен және А немесе В сенімділік дәрежесіне ие құлып түрімен анықталады. Мәселен, І класты сейфте қалыңдығы 3 мм-ден кем болмайтын жоғары сапалы болаттан жасалған қабырға және А типті құлып болуы тиіс. Бұзуға берік емес сейфтерде 0 және Н0 – нөлден төмен кластар болады. Сейфтегі ең басты нәрсе – құлыптар. Ең сенімді және ең тараған түрі – сувальдты, кодты механикалық, кодты ауыстыру мүмкіндігі бар, ауыстыру мүмкіндігі жоқ және электронды құлып болып табылады. Ең сенімді нұсқалардың бірі – бір сейфте бірнеше құлып комбинациясының болуы. Сейфті таңдаған кезде қандай құлыппен болса да, құлыпты аралап кесуден қорғайтын түрін таңдаған жөн.

– Егер сатып алынатын сейфтің қолжетімділігі туралы айтар болсақ, оның сенімділігі қаншалықты? Қымбат емес түрі өз қызметін лайықты орындай ала ма?

– Ең қарапайым және қолжетімді түрі – бұл жиһаз сейфі. Ол шкаф ішіне, жазу үстеліне немесе жиһаздың кез келген жеріне анкерлік бұрандамамен қабырғаға бекітіледі. Мұндай көрінбейтін қойманы заттардың ішінен табу оңай емес. Рас, сенімділігі жағынан мұндай сейфтер тікелей қабырғаға бекітілетін, қуысқа салынатын түрлеріне жол береді. Мұнда есігінен басқа жердің барлығы қосымша қабырғамен қорғалған. Бұл бұзуды қиындатады. Оған қоса мұндай құрылым өрттен де жақсы қорғайды. Сейфтің есігін картинамен, айнамен немесе қабырға түстес панельмен жасыруға болады.  Анағұрлым ірі, бөлек тұратын түрлері көбінесе кеңселерде қолданылады. Сенімді қорғаныс үшін олар еденге және қабырғаға анкерлік бұрандамалармен бекітіледі. Салмағы ауыр болғандықтан, сейфтің өзін ішіндегісімен бірге ұрлауды қиындатады.

Сейфті сатып алмас бұрын сақталатын заттардың шамамен көлемі мен құндылығын бағалап алған жөн. Үй үшін әдетте бұзуға беріктігі І класты сейфпен шектеледі. Егер үйде қомақты қолма-қол сома немесе аса маңызды құжаттар сақталса, онда бұзуға беріктігі ІІ кластан төмен болмайтын шағын кеңсе үлгісін таңдаған жөн. Балалар немесе кездейсоқ қонақтар азғана ақшаға, құжаттарға немесе жеке қаруға қол жеткізбес үшін, Н0 және 0 класындағы жиһаз сейфіне таңдау жасауыңызға болады.

Жалпы, құны бойынша сейф онда сақталатын бағалы заттың құнынан 20 пайыз арзан тұрмауы тиіс.

Сейфті орнату үшін, егер ол қуысқа орнатылатын болса, маманға сенім білдірген жөн. Сіздің құпия орныңыз туралы қаншалықты аз адам білсе, соншалықты жақсы болады.

Маман кеңесі:
Сейфті сатып алғанда, ең алдымен, мыналарды тексеріп алыңыз:
– корпусының құрылымын. Бұзуға берік үлгілер көп қабатты құрылымға ие. Қос бүйірдегі болат қабырғалар арасындағы кеңістікке арматураланған бетон немесе басқа композитті материал төгілген;
– сейф қабырғасының және есігінің беткі панелінің қалыңдығын;
– құлып маңына орнатылған, бұрғылап тесуге кедергі келтіретін арнайы берік пластинаның болуын;
– сейф есіктері мен оның қабырғалары арасында саңылаудың болмауын;
– құлыптағы металл істіктердің санын, олардың орналасуы (бір жаққа, 3 немесе 4 жаққа қарай) – көп болған сайын сенімді болады. Олардың көлемі, жасалған материалын;
– типін (кодтық немесе кілтті немесе олардың амалдары) және құлып жүйесін, шығарушы елді. Электронды құлып болған жағдайда арнайы сипаттамасын, мәселен, кідіріспен ашылуы, кодты қате тергенде құлыптың блокталып қалуын қаперге алған жөн;
– сейфтің жалпы салмағы мен анкерлік бекітілу мүмкіндігін – оны ашу ғана қиын емес, оны тез, шусыз алып кету мүмкін емес;
– дыбыстық және/немесе визуалды дабыл жүйесінің болуын.

Тамара СУХОМЛИНОВА

13 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.