Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ресми өкілі Ғалымжан Хасенов наурыздың 5-і күні Азаттық редакциясына хабарласып, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің «соққыға жығылуы» туралы деректің расталмағанын хабарлады.
"Қолымызға қазір ғана қорытынды түсті. [Жәкішевтің] соққыға жығылғаны туралы ақпарат расталмады. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі күні Жәкішевтің ешқандай претензиясы жоқ" деді Хасенов.
4 наурызда Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім Жәкішева Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК 159/6 түрмесінде отырған әкесінің "таяққа жығылғанын" мәлімдеп, оның өміріне алаңдап отырғанын жеткізген болатын.
Әйгерім Жәкішеваның хатында: «Менің әкемді қатты науқас екеніне қарамастан ұрып-соққан. Этап кезінде әкемнің жағдайы қатты нашарлаған, қан қысымы қатты көтеріліп, бірнеше рет есінен танып қалған. Бізге, отбасына ресми түрде созылмалы пиелонефрит ауруы асқынып кеткен деп хабарлады. Бірақ әкемнің бүйрегі ешқашан ауырмаған. Бұл – соққының нәтижесі екеніне сенімдімін» деп жазылған.
Колониядағы ахуалдың нашарлығына қатысты шағымданған Әйгерім Жәкішева әкесінің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, құқық қорғаушылардан көмек сұраған еді.
4 наурызда Мұхтар Жәкішевпен кездескен қарағандылық құқыққорғаушы Юрий Гусаков Азаттыққа жіберген жазбаша жауабында Жәкішевтің өзіне сілтеме жасай отырып, оның соққыға жығылғанын жоққа шығарады. Әйткенмен Гусаков «белгісіз біреулердің Жәкішевті бірнеше рет ұрғанын» растайды.
«Әртүрлі күшпен бірнеше рет жұдырықтап, тепкен. Мұны кім істегенін ол көрмеген. Айдауыл ма, қызметкер ме белгісіз. Жарақат немесе еш жері көгермеген. Сондықтан арыз түсірмеген» деп жазды Гусаков.
«Қазатомпромның» ұзақ мерзімге сотталған бұрынғы басшысы және жергілікті құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп танитын Мұхтар Жәкішев ақпан айында Алматы маңындағы колониядан Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК 159/6 түзету мекемесіне ауыстырылған болатын.
Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда өзі 1998 жылдан бері басқарған «Қазатомпром» компаниясының басшысы қызметінен алынып, тұтқындалған еді.
2010 жылы наурызда Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты Жәкішевті «қаржыны ысырап қылды және пара алды» деген айыппен 14 жылға соттап, жазасын қатаң режимді колонияда өтеуді бұйырған. Жергілікті бірқатар құқық қорғау ұйымдары оны "саяси тұтқын" деп таныған.

Дереккөз: azattyq.org
5 наурыз 2014, 15:37