Атырау, 26 қараша 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атқа қонамыз ба?

3 566 просмотра

Облыстық прокуратурада «2014 жылғы браконьерлікпен күрестің тиімділігін арттыру» бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

СУ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚИЫН

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ және өңірдің табиғи байлықтарын қорғайтын түрлі ведомстволардың басшылары қатысты. ІІД бастығының орынбасары Нұрым ОРАЗБАЕВ облысымызға кешенді тексеру және көмек көрсету үшін жіберілген ІІМ-нің арнайы тобының жұмыс қорытындысы туралы айтты. Астаналық тексерушілер нәтижесі нашар жұмыс себептерінің бірі су полициясының дұрыс жарақталмауынан екенін анықтады. Бұл қызметті күшейту үшін жергілікті бюджеттен қаржы 2004 жылдан бері бөлінбеген екен. Қолда бар катерлер теңізде жылдам қозғалуға жарамайтын болғандықтан, су полицейлері рейдтерге өзге ведомстволардың кемелерімен шығып отырған.

Нұрым ОРАЗБАЕВ.Нұрым ОРАЗБАЕВ.Тағы бір себеп – штаттың аздығы. Барлығы 45 адам. «Сондықтан да үкіметке штатты ұлғайту туралы өтініш жолдадық. Тексеру қорытындысы бойынша жергілікті су полициясының басшылары тәртіптік жазаға тартылды. Ал көмек беруге келсек, өткен жылдың аяғында облыс әкімінің қолдауымен олар үшін 5 катер, соның ішінде біреуі – үлкен жылдамдықты, спутниктік байланыс құралы, түнде көру аспаптары сатып алынды».

Облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВТЫҢ айтуынша, қамаққа алынған және тәркіленген жүзу құралдарын сақтаумен айналысатын КМК құру керек. Бөлек айлағы болғаны дұрыс. Қазір катерлер, қайықтар және басқа да жүзу құралдары «Арнайыавтобаза» аумағына орналастырылады, ал ол жерде қоятын жер жетіспейді, сондықтан да кейбір құралдарды браконьерлерге қайтаруға мәжбүр боламыз, ал олар бұған мәз. Мәселен, өткен жылғы 22 қарашада казанка қайығымен браконьер ұсталды. Қайықты иесіне қайтаруға тура келді, ал ол үш күннен кейін заңсыз балық аулағаны үшін тағы да ұсталды.

- Көрші Маңғыстау облысында осындай теңіз айлағын жобалау үшін бюджеттен 54 млн теңге қаржы бөлінген. Біз де облыс әкіміне хат жібердік, онда басқалармен бірге осы мәселе де көтерілді, - деді С. Шалабаев.

Тағы бір үлкен мәселе – базарлар мен мейрамханаларда бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сату. Егер базарларға рейдтер жасалып тұрған болса, мейрамханаға күтпеген жерден тексеруге кіріп баруға полицияның құқығы жоқ. Бір ай бұрын ескерту керек. Оған дейін, әрине, ас мәзіріндегі балықты алып тастайды.

Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ.Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ.- Біздің балықтар өзге облыстарда сатылып жатқанын қалай түсіндіресіздер? Браконьерлер аулаған балық өңірімізден қалай шығып кетіп жатыр? – деп сұрады облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ.Кеше, мысалы, Атырау – Астрахан тас жолында жалпы салмағы 46,5 келі бекіре тұқымдас және қара балық тәркіленді. Біздің су полициясы қайда қарап жүр? Міне, осыдан халық арасында бәрінің ым-жымы бір деген пікір қалыптасады!

Н. Оразбаевтың айтуынша, браконьерлер далалықтан айналып өтетін жол іздейді. Соңғы айлардың ішінде стационарлық бекеттердің арқасында облыс шекарасынан тыс жатқан жолсыз жермен шықпақшы болған 18 көлік ұсталды. Қаржы полициясымен және ҰҚК-мен бірлесе жұмыс жасалуда. Жоғарыда прокурор айтып кеткен заңсыз балықты ұстау оқиғасы «балықты сатып алып, Атыраудан шығармақшы» деп хабарлаған шұғыл ақпараттың арқасында мүмкін болған.

Облыс прокуроры тағы бір мәселені көтерді: неге бізде браконьерлерге қарсы ҚР ҚК 209-бабы бойынша («Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер») қылмыстық іс қозғалмайды? Күрделі бап, онда үш жылға дейін бас бостандығынан айыру белгіленген. Ол өз қарамағындағыларға «осы мәселені талқылауға» тапсырма берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.