«Халық үшiн де, депутаттар үшiн де экономика саласы мен ел өңiрлерiнiң дамуына талдау жүргізу мәселесi, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың көрсеткiштері маңызды болып қалып отыр. Белгiлi болғандай, бүгiнгi таңда Қазақстан экономикасына, сондай-ақ бiлiм беру, денсаулық сақтау, кәсiпкерлiктi одан ары дамыту, сонымен бiрге халықты ауыз сумен, тұрғын үймен қамтамсыз етуге қатысты және тағы басқаларға бағытталған 3 стратегиялық құжат, 3 стратегия, 2 доктрина, 25 тұжырымдама, 8 мемлекеттiк бағдарлама қабылданды. Алайда, өкiнiшке орай, бүгiнгi таңда көрсетiлген бағдарламалық құжаттарды iске асыру бойынша ағымдағы статистикалық көрсеткiштердi табу қиынға соғуда немесе олар мүлдем жоқ. Күнi бүгiн Агенттiк Үдемелi индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасындағы көрсеткiштер индикаторларына тек қана мониторинг жүргiзедi», - дедi депутат өз баяндамасында.
Бұған қоса, ҮИИД мемлекеттiк бағдарламасына мониторинг жүргiзуге арналған көрсеткiштер тек мемлекеттiк органдармен ғана келiсiп, бизнес қауымдастықтардың мүдделерi есептелмей келедi деген пікірде халық қалаулысы.
«Оған қоса, экономикалық салалар бойынша басқа да статистикалық көрсеткiштердiң анықтығы күмән келтiредi. Агенттiк есептеген статистикалық көрсеткiштер нелiктен әркелкi екенiн түсiне алмай қойдық. Әлемдiк тәжiрибеге сүйенсек,бағдарламалардың iске асырылу нәтижелерiн талдау және бағалау үшiн қажеттi статистикалық деректер тұтынушылардың мемлекеттiк саясатқа сенiмдiлiгін арттыратынын көрсетiп отыр», - деп тоқталды Әйiмбетов.
«Осы тәжiрибенi назарға ала отырып, Агенттiк пен мемлекеттiк органдар, iске асырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сапалы талдау жасап, оны БАҚ-та мiндеттi түрде жариялау қажет деп есептеймiз. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, респонденттер ұсынылып отырған деректер бойынша пайдаланылуы қажет. Мұның барлығы пайдаланушылар топтарының ауқымды бөлiгімен тұрақты және жұртшылықпен өзара байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi», - деп түйiндедi ол.