Сұрақ-жауап «Жайсыз» белгі - Атырау-Орал трассасының бойында Махамбет поселкесіне жетпей «Елді мекен» белгісінің тұсында сағатына 72 км жылдамдықпен келе жатқанымда мені ЖПҚ қызметкері тоқтатты. Инспектордың белгіден 50 метр қашықтықта тұрып, мені сағатына 110-нан 60 км-ге азайтып келе жатқан жылдамдық кезінде тоқтатуы заңды ма? Елді мекен арқылы өтпейтін жерде трассаның бойында осы белгі дұрыс орнатылған ба? 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 750 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылу қысқа қалдырылмай қосылды «Жайық самалы» газетінің №48 санында жарияланған «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВПЕН болған сұхбатта жылыту маусымына уақытында дайын болмаған үйлер қатарында Авангард 2-ші ықшамаудандағы №8 үй аталып өткен. 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 913 рет қаралды
Сұрақ-жауап Есепке тіркелмеген ана - Біздің үйленгенімізге бес жыл болды. Мен Қазақстанның азаматымын, әйелім ресейлік. Екеуміздің балаларымыз – Қазақстан азаматтары. Әйелім Қазақстан азаматтығын әлі ала алмай келеді, өйткені біздің тұрғын алаңымыз оны тіркеуге мүмкіндік бермейді, 15 шаршы метр жетіспейді. Тіркейтін басқа жеріміз жоқ. Сондықтан бізге әр алты ай сайын Ресейге барып тұруымызға тура келеді. Отбасылық жұптарға бұл заңның күші жоқ деп естідім. Осы рас па? Бұл жағдайды шешуге бола ма? Біз заңды түрде некелескен, екі баламыз бар отбасымыз ғой. Ресейге жиі барып тұруға мүмкіндігіміз жоқ. 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 640 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаяу жүргінші жолы көлік жолы емес - Таяуда «Атырау-Ақпарат» маңындағы Молдағалиев көшесіне жаяу жүргінші жолын төседі. Енді бұл жерге күн сайын таксистер жол жиегінен «секіріп», көліктерін қойып қояды. Сол жерден көліктерін жөндеп, жуатын болды. Ескертулерді жүргізушілер елең қылмайды. Егер жедел шара алмаса, жаяу жүргінші жолы шоқалақ жерге айналады. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 552 рет қаралды
Сұрақ-жауап Неке кабинеттерде тіркеледі - Біз қарым-қатынасымызды заңдастырғымыз келген. Егер атыраулық АХАЖ бөліміндегі жаңалық болмағанда бәрі де керемет болар еді. Әділет басқармасындағылар неке туралы куәлігімізді ресми түрде және Мендельсонның әуенімен салтанатты рәсіммен емес, құжаттау бөлімінен тып-тыныш қана, жұмыс күндері ала салатынымызды ескерткен болатын. Яғни, қазір некенің құпиялылығы құжатты қолға берумен, ал салтанатты рәсім артық сабылыссыз жекеше өткізілетін болған. Әділет басқармасының бізді алғашқы отбасылық құжатымызды ресми рәсіммен алу құқығымыздан айыруға қақы бар ма? 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 452 рет қаралды