Атырау, 17 маусым 01:00
 дождьВ Атырау +27.1
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Қазақстанда

Бақытжан Бұқарбай ұлттық кеңес құрамынан шығатынын мәлімдеді Қазақстанда

Бақытжан Бұқарбай ұлттық кеңес құрамынан шығатынын мәлімдеді

20 ақпанда баспагер Бақытжан Бұқарбай ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шығатынын мәлімдеді. Кеңестің саяси реформалар тобында жұмыс істегенін айтқан белсенді халық армандаған "саяси реформалар жүзеге асып қалар ма деген үмітпен кеңес мүшесі болуға келіскенін", бірақ үмітінің ақталмағанын жеткізді. Бейнежазба 20 ақпан 2020, 15:06 3 384 рет қаралды
Кіші сержант әскери бөлімнен қару-жарақпен қашып кетті Қазақстанда

Кіші сержант әскери бөлімнен қару-жарақпен қашып кетті

«Шымкент қаласының маңындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А. Балғынбай А., кезекшілік құрамында бола тұра өз бетімен әскери бөлімді тастап кеткен. Сонымен қатар қару-жарақ сақтау бөлмесінде белгілі бір мөлшерде қару-жарақтың жетіспеушілігі анықталды. Құқық қорғау органдарының және әскери полицияның күштері әскери қызметшіні және жоғалған қару-жарақты іздестіру және ұстау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдауда», — делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында. 20 ақпан 2020, 14:48 4 166 рет қаралды
Боқаев "Демпартия" жақтастарының қудаланғанына наразы Қазақстанда

Боқаев "Демпартия" жақтастарының қудаланғанына наразы

Ақтөбедегі КА-168/2 түрмесінде жазасын өтеп жатқан Макс Боқаев (2016 жылы Жер митингілерінен соң "жалған ақпарат таратты", "араздық қоздырды" деп бес жылға сотталған) Азаттыққа хабарласып, "Демократиялық партия" құрылтай съездіне қатыспақ болған белсенділерді қудалауға наразылығын білдірді. 20 ақпан 2020, 11:09 2 899 рет қаралды
Қазақстанда жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өседі Қазақстанда

Қазақстанда жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өседі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20 ақпан 2020, 10:47 2 842 рет қаралды
Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 4 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді Қазақстанда

Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 4 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді

Петропавл қаласында "коронавирус жұқтырды" деген күдікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Төртеуі де бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 20 ақпан 2020, 10:31 3 346 рет қаралды
"Демпартия" құрылтайы өтпейді. Бастамашыл топ "митингіге" шықпақшы Қазақстанда

"Демпартия" құрылтайы өтпейді. Бастамашыл топ "митингіге" шықпақшы

"Демократиялық партияны" құру бастамашыл тобының жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай 22 ақпанға жоспарланған құрылтай съезд өтпейтінін, оның орнына сол күні митингіге шығатынын айтты. 19 ақпан 2020, 16:24 3 124 рет қаралды
Павлодар облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды Қазақстанда

Павлодар облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамаққа ауыстырылды деп хабарлады 19 ақпанда жергілікті ақпарат агенттіктері. Оны үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішті ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бас тергеушісі, шұғыл-тергеу тобының жетекшісі түсірген. 18 ақпанда Павлодардың мамандандырылған тергеу соты өтінішті қанағаттандырған. 19 ақпан 2020, 16:18 2 500 рет қаралды
Вице-министр: Қордайдағы жанжалға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалды Қазақстанда

Вице-министр: Қордайдағы жанжалға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалды

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты шамамен 90 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 19 ақпанда Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев хабарлады. 19 ақпан 2020, 16:11 2 279 рет қаралды
ІІМ Қордайда ұсталғандар турасында: Іс сотқа жіберілді Қазақстанда

ІІМ Қордайда ұсталғандар турасында: Іс сотқа жіберілді

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полицияға бағынбағаны үшін Қордай оқиғасынан кейін ұсталғандар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 19 ақпан 2020, 11:38 2 434 рет қаралды
СІМ: Коронавирус табылған кемедегі төрт қазақстандық жақын арада елге оралады Қазақстанда

СІМ: Коронавирус табылған кемедегі төрт қазақстандық жақын арада елге оралады

Коронавирус табылып, Жапония жағалауында карантинге тұрып қалған Diamond Princess кемесіндегі төрт қазақстандық 19 ақпанда карантиннен шығады, қосымша тестен аман-есен өтсе, жақын арада Қазақстанға оралады деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сәрсенбі күні. 19 ақпан 2020, 11:17 2 172 рет қаралды
Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы 5 жылға сотталды Қазақстанда

Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы 5 жылға сотталды

Нұр-Сұлтанда Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ Күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 19 ақпан 2020, 09:45 3 680 рет қаралды
Көлікпен қасақана адам қаққан ағайындыларға сот үкімі шықты Қазақстанда

Көлікпен қасақана адам қаққан ағайындыларға сот үкімі шықты

Алматыда ерегескен қарсыластарын көлікпен қасақана қаққан ағайындыларға қатысты сот үкімі шықты. Сот отырысы Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  18 ақпан 2020, 16:58 3 516 рет қаралды
Орал тұрғыны аурухананы өртеп жіберді Қазақстанда

Орал тұрғыны аурухананы өртеп жіберді

Оқиға 17 ақпанда таңғы сағат 6-да Тасқала аудандық орталық ауруханасының палатасында орын алған. Ер адам ғимараттың 2-қабатындағы палатада матрацты өртеп, өзі терезеден секіріп, бой тасалаған. 18 ақпан 2020, 16:40 2 292 рет қаралды
Жаңа латын әліпбиінде кирил әріптері болуы мүмкін Қазақстанда

Жаңа латын әліпбиінде кирил әріптері болуы мүмкін

Қазақ әліпбиінің латын әріптерімен жазылуының тағы бір нұсқасы таныстырылды. Қазақша латын әліпбиінде 4 кирил әріпі болуы мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.  18 ақпан 2020, 16:32 4 657 рет қаралды
Комитет «Bek Air» сертификаттары неліктен уақытша тоқтатылғанын түсіндірді  Қазақстанда

Комитет «Bek Air» сертификаттары неліктен уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Bek Air» әуе компаниясының уәжіне жауап берді. Аталмыш әуе компания өзіне тиесілі «пайдаланушы сертификатын және ұшуға жарамдылығы сертификаттарын заңсыз тоқтатты» деп өтініш берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  17 ақпан 2020, 15:55 2 290 рет қаралды
"Мұны қазақтар жасаған жоқ": Дүнген қауымдастығының төрағасы Қордай оқиғасы жайлы сөз қозғады Қазақстанда

"Мұны қазақтар жасаған жоқ": Дүнген қауымдастығының төрағасы Қордай оқиғасы жайлы сөз қозғады

Қазақстан дүнгендері қауымдастығының басшысы Хусей Дауров Қордайда болған жаппай тәртіпсіздіктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  17 ақпан 2020, 14:59 4 434 рет қаралды
Дәурен Абаев: Интернеттің бұғатталғанына ақпарат министрлігінің қатысы жоқ Қазақстанда

Дәурен Абаев: Интернеттің бұғатталғанына ақпарат министрлігінің қатысы жоқ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев журналистерге берген сұқбатында бірер күн бұрын интернет бұғатталғанына өзі басқаратын министрліктің қатысы болмағанын айтты. 17 ақпан 2020, 14:52 2 885 рет қаралды
Айсұлтан айтып жатыр. Мұның соңы немен тынады Қазақстанда

Айсұлтан айтып жатыр. Мұның соңы немен тынады

Айсұлтан Назарбаевтың айтып жатқан сөздерінің әсері қандай болуы мүмкін және бұл жағдайдың немен аяқталуы мүмкін екені туралы ZTB.kz басылымымен қазақстандық саясаттанушы Мерхат Шәріпжан ой бөлісіпті. 17 ақпан 2020, 14:37 15 310 рет қаралды
Сынақ кітапшалары қолданыстан алынды Қазақстанда

Сынақ кітапшалары қолданыстан алынды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірленді. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді деп хабарлайды Azattyg ryhy Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 17 ақпан 2020, 14:22 3 165 рет қаралды
Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуді 3 жылға дейін ұлғайту қарастырылуда - министр Қазақстанда

Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуді 3 жылға дейін ұлғайту қарастырылуда - министр

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  17 ақпан 2020, 11:37 2 608 рет қаралды