Атырау, 26 сәуір 05:45
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кітапхана емес, қора дерсің

Сурет
2 960 просмотра

Қора сияқты қаусап тұрған бұл кітапхана Құрманғазы ауданы Ғ. Әліпов (бұрынғы Қызылоба) ауылында орналасқан. Ғимарат 40 жыл бұрын салынып, түрлі мақсатта пайдаланылған.  Ғимарат апатты деп танылғанымен, қазір ол жерде кітапхана орналасқан.

-1998 жылы мәдени орындарды жаппай жабу кезінде осы кітапхана да сол кепті киді. Бірақ 2008 жылы қайта ашылған болатын. Газшылар бұл ғимараттың қауіптілігін ескеріп, газ беруден бас тартты. Жарық та жоқ, өшіріп тастады, - дейді кітапханашы Қымбат ЗИНУЛЛИНА.

Кітапхананың 257 оқырманы, 6438 кітап қоры бар.  Шатырынан су ағады, қыста суық. Кітапты ылғал мен суықтан қорғау үшін үйлеріне тасып жүргендері. Ал кітапханашы ілдалдамен тұрған ғимарат ортасына түсіп қирап, үйінді астында қаламыз ба деген қорқынышын жасырмайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қыркүйек 2021, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.