Атырау, 26 сәуір 09:35
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Орал трассасында төрт адам көз жұмды

5 056 просмотра

16 шілде сағат 00:30 шамасында Орал тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде Toyota Camry көлігінің 24 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлігі аударылды. Оқиға салдарынан екі жолаушы сол жерде мерт болып, көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы облыстық ауруханада көз жұмды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

16 шілде 2020, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.