24 шілдеде сағат 21.30-да Құлсары қаласында 27 жастағы жергілікті тұрғын Жем өзеніне батып кетті.
Қайғылы оқиға себебін қазір полиция анықтауда. Алдын ала белгілі болғаны, ер адам жүзу білмеген, бірақ суға батып бара жатқан екі балдызын құтқару үшін өзенге секірген. Қыздар құтқарылды, алайда ер адамның денесін жарты сағаттан кейін оның туыстары мен достары судан шығарып алды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ