Атырау, 17 мамыр 11:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Барлық жаңалықтар

Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар Қоғам

Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар

2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді. 17 ақпан 2011, 00:00 4 244 просмотра
Қар күреген арулар Қоғам

Қар күреген арулар

Сейсенбі күнгі төпете жауған қар көше тазалаушылар үшін уайым бола қойған жоқ. «Әрине, ол ауыр жұмыс, оның үстіне оған күннің күрт суытуы дөп келді. Қолдың бұлшық еттері де сырқырайды,-дейді күректің сабына шынтақтай сүйенген, керемет әдемі Лала есімі бар қарақалпақ қызы. – Бірақ, наурыз айының басында негізгі еңбекақымызға осы қар жауған күндердегі еңбегіміз үшін сыйақы беретіндігі есіме түскенде көңілім шаттанғандай болады». 17 ақпан 2011, 00:00 4 297 просмотра
Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды Қоғам

Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды

Мақат аудандық сотының тәжірибесінде алғаш рет медицина қызметкеріне қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды. Фельдшер М.Айтуаров бір жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. 17 ақпан 2011, 00:00 6 809 просмотра
Сахна сыртындағы шебер Мәдениет

Сахна сыртындағы шебер

Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 9 443 просмотра
Өркениеттен тыс тіршілік Қоғам

Өркениеттен тыс тіршілік

Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз. 17 ақпан 2011, 00:00 7 577 просмотра
Қылмыстық кодекстегі өзгерістер Оқиға

Қылмыстық кодекстегі өзгерістер

5-ші ақпанда «Қылмыстық заңнамаларды әрі қарай ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылық кепілдіктерді күшейту мәселелері бойынша кейбір ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде қандай өзгерістер болғандығын әңгімелеп беруді адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТАН өтінген едік. 17 ақпан 2011, 00:00 6 193 просмотра
Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме? Қоғам

Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме?

Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 511 просмотра
Қоғам

Мұнайшылар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды

Таяу күндері «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» компаниясының «Ембімұнайгаз» жєне «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының ұжымдары 2011-2013 жылдарға жұмыс берушілермен ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. 17 ақпан 2011, 00:00 2 951 просмотра
Ет қымбаттауына ауа-райы себеп болған ба? Экономика

Ет қымбаттауына ауа-райы себеп болған ба?

Демалыс күндеріне қарай «Дина» базарында сиыр етінің бір келісінің бағасы 1500 теңгеге дейін шарықтап кетті. Ал облыстық әкімдіктің резервіндегі арзандатылған картоп сататын сөрелер босап қалды. Базар ішінде біздің қорымызды сатып алушы басқа облыстың алыпсатарлары жөнінде қауесет жүріп жатты. 16 ақпан 2011, 00:00 3 338 просмотра
Балабақша ақысы 8 мың теңге болды Қоғам

Балабақша ақысы 8 мың теңге болды

1-ші ақпаннан бастап балабақшалардағы орын үшін төлемақы 25 пайызға өсті. Бұған азық-түлік бағаларының  өсуі себеп болып отыр. Қалалық білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі төлемақыны өзгерту туралы» бұйрығында айтылғандай, «үйлестірілген тағаммен қамту мақсатында» төлем енді 8000 теңге құрайды (бұған дейін 6 мың теңге болған). 16 ақпан 2011, 00:00 10 016 просмотра
«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр Қоғам

«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқытылған түлектерді жұмысқа орналастыру проблемасы бүгінде жоғарғы билікте қызу талқылануда. Мемлекет оған көп ақша жұмсап отыр, ал шетелден білім алып келген жастар өз отандарынан жұмыс таба алмай жүр деген мәжілісмендер бұл бағдарламаға күмән келтіріп отыр. Мұндай сын баяғыдан айтылып жүр. Бұрын «болашақтағылар» шетелде тұрақтап қалады, ал өз елдерінде отандық кәсіпорындардан гөрі трансұлттық компанияларда жұмыс жасағанды жөн көреді деп бағдарламаға мін тағылған болатын. 16 ақпан 2011, 00:00 4 367 просмотра
«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар Қоғам

«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар

Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды. 10 ақпан 2011, 00:00 4 681 просмотра
Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе? Қоғам

Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе?

Жыл сайын облыстық әкімдік жанынан құрылған қор тарапынан мектеп бітірген түлектерге шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін көпшіліктің біле бермейтіні рас. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін жас түлек қандай талаптарды орындауға тиісті? Бұл жайында біз облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Асқар КЕРІМОВТЕН білмек болдық. 10 ақпан 2011, 00:00 8 492 просмотра
Қоғам

Дәрігерлер қызметі оnline бақылауында

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ «АЖ» газетіне Денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда көрсетілетін қызмет сапасын қалай бақылайтындығы туралы әңгімелеп берді. 10 ақпан 2011, 00:00 3 218 просмотра
Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі Қоғам

Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі

- Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де... Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен... 10 ақпан 2011, 00:00 25 514 просмотра