Атырау, 28 наурыз 15:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Дәрігерлер қызметі оnline бақылауында

3 172 просмотра

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ «АЖ» газетіне Денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда көрсетілетін қызмет сапасын қалай бақылайтындығы туралы әңгімелеп берді.

Олардың жұмысы 8-9 индикатор бойынша бағаланатын болады. Оның ішінде сырқаттың алдын алу көрсеткіші де бар. М.Өтепқалиевтің айтуынша, «тіркелген» пациенттердің мәліметтері, сырқат тарихы туралы бүкіл ақпарат аймақтық емханалардан бірыңғай дерекқорға құйылады екен. Ауруы асқынған, мәселен, қатерлі ісіктің соңғы кезеңіндегі, инсультқа және т.б. шалдыққан науқас ауруханаға жатқызылған жағдайда, сондай-ақ, сәби мен ана өлімі бойынша фактілер орын алса, медиктер дерекқор арқылы науқастың электронды сырқат дерегіне қарайды. Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, сырқаттың асқыну себептерін анықтауға болады екен, оның ішінде емханаларда емдеу кезінде жіберілген дәрігерлік қателіктер де болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде емхананың рейтингісіне әсер етеді, тиісінше, мұның қаржыландыру көлеміне де әсері бар. Облыстың бас медигінің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысына 2011 жылға алғашқы медициналық-стационарлық жәрдем қызметін (емханаларды) ынталандыруға 6,7 млрд. теңге бөлген.

- Бүгінгі күні біз атыраулықтарды өз емханаларына белсенді түрде тіркелуге шақырамыз. Бұл олардың өз мүдделері үшін қажет, - дейді М.Өтепқалиев.

- Олардың жұмысына кім баға бермек?

- Барлық мәліметтер, соның ішінде ауруханаға жатқызу туралы портал арқылы берілген мағлұматтар республикалық бірыңғай дерекқорға шоғырланады. Тиісінше, емхана рейтингтері осы мәліметтердің негізінде анықталатын болады. Ешкімнің де оған ықпал етуге мүмкіндіктері болмайды. Ал дерекқор мен порталдың жұмысын реттеумен осы мақсатта арнайы құрылған «Мединформ» КМК қызметкерлері айналысады. Бүгінде ауруханаға жатқызу тек Интернет-портал арқылы жүзеге асырылатынын естеріңізге саламын. Әр емхананың осы портал арқылы облыстық деңгейдегі әр стационарда бос керуеттердің санын бақылап, науқастарды автоматты түрде жазып қоюға мүмкіндіктері бар.

- Емханалардағы компьютермен жұмыс істеу мәселесі қалай?

- Бүгінде электронды дерекқормен облыс орталығындағы бүкіл емханаларды қамтыдық. Екі учаскелік дәрігерге бір компьютерден келеді. Жалпы, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі реформасының мәні – алғашқы медициналық жәрдемді күшейтіп, стационарларды ұстап тұру шығындарын қысқарту. Бізде стационарларға көп шығын жұмсалады. Адамдар бастапқы кезеңде сапалы медициналық көмек алулары тиіс. Осы мақсатта бір учаскелік дәрігерге екі медбикеден, ал кейбір санат дәрігерлері үшін үш медбикеден бөлінген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

10 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.