Атырау, 20 сәуір 21:35
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мұнайшылар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды

2 928 просмотра

Таяу күндері «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» компаниясының «Ембімұнайгаз» жєне «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының ұжымдары 2011-2013 жылдарға жұмыс берушілермен ұжымдық келісім-шартқа қол қойды.

«Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, келісім-шартта кепілдіктер мен өтемақылар, соның ішінде мұнайшылар мен олардың отбасыларын емдеу жєне сауықтыру шығындары, еңбек қауіпсіздігі шарттары белгіленген.

«Жаңа ұжымдық келісім-шартпен жұмыс жасау 2010 жылдың мамырында басталды. Үш тараптың – жұмыс беруші, кєсіподақтар мен өндірістік филиалдар қызметкерлерінің – келіссөздер барысында өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндіктері болды. Тараптар ымыра  келісімге келгеннен кейін келісім-шарттың жасақталған жобасын ұжымда талқылау ұсынылды. Содан кейін қол қойылды», - делінген компанияның ресми мєлімдемесінде.

Естеріңізге салайын, өткен жылы «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» компаниясының «Ембімұнайгаз» жєне «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарында көп күндік ереуілдер орын алған болатын. Жұмысшылар еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне ауысуға қатысты наразылықтарын білдіріп, салалық коэффициентті қалдырып, бұрын еңбекақыға қосымша төленген 70 пайыздық аудандық коэффициентті сақтауды талап еткен болатын.

Азамат МАЙТАНОВ

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.