Атырау, 6 мамыр 07:08
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Әлемде

Nissan компаниясының бұрынғы басшысы Карлос Гон қайта тұтқындалды Әлемде

Nissan компаниясының бұрынғы басшысы Карлос Гон қайта тұтқындалды

Жапонияда Nissan және Renault автоконцерндерінің бұрынғы басшысы Карлос Гон тағы да қамауға алында. Токио прокуратурасы наурыз айында түрмеден кепілге босап шыққан Гонға қаржы алаяқтығын жасады деген жаңа айып тақты деп хабарлады бейсенбіде NHK телеарнасы. 4 сәуір 2019, 14:48 1 199 просмотра
Рамзан Қадыров резиденциясын тазалауға бюджеттен 535 мың доллар бөлінеді Әлемде

Рамзан Қадыров резиденциясын тазалауға бюджеттен 535 мың доллар бөлінеді

Шешенстан үкіметі мемлекеттік сатып алулар сайтында республика басшысы Рамзан Қадыров резиденциясының аумағын тазалау келісім-шартын жариялады. Шартта бастапқы баға 34,88 миллион рубль (535 мың доллар) деп көрсетілген. Бұл туралы "МБХ медиа" сайты жазды.   4 сәуір 2019, 11:34 1 681 просмотра
Шариғат үкімін заңға енгізген Бруней БҰҰ-ның айыптауына ұшырады Әлемде

Шариғат үкімін заңға енгізген Бруней БҰҰ-ның айыптауына ұшырады

Брунейде шариғатқа негіздеген заң кешеден бастап ресми атқарылуға берілді. Жаңа заң бойынша бір-бірінің көзіне шөп салған жұбайлар және гомосексуалдық байланыстарға барғандар шариғатқа ұқсас өлім жазасы берілсе, ұрлық істегендердің қолы шабылмақ.  4 сәуір 2019, 10:54 1 183 просмотра
АҚШ Венесуэлаға көмек ретінде 400 миллион доллар бермек Әлемде

АҚШ Венесуэлаға көмек ретінде 400 миллион доллар бермек

АҚШ конгресінің сенаты Венесуэлаға көмек ретінде 400 миллион доллар беріп, елдің қазіргі президенті Николас Мадуро үкіметіне санкцияларды күшейтпек. Арасында республикашыл да, демократ та бар 15 америкалық сенатор конгрестің жоғарғы палатасына Венесуэлаға төтенше көмек беру туралы заң жобасын ұсынды. 4 сәуір 2019, 10:00 1 747 просмотра
Қырғызстан билігі шекарадағы жағдайды одақ алқасында талқылауды ұсынды Әлемде

Қырғызстан билігі шекарадағы жағдайды одақ алқасында талқылауды ұсынды

Қырғызстанның экономика министрлігі сәуірдің 3-і күні ел үкіметінен Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдайды Еуразия экономикалық комиссия алқасына шығарып, талқылау туралы бастама көтеруді сұрады. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. 3 сәуір 2019, 17:11 1 585 просмотра
Өзбекстан билігі Каримованың қай түрмеде жазасын өтеп жатқанын айтты Әлемде

Өзбекстан билігі Каримованың қай түрмеде жазасын өтеп жатқанын айтты

Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі 3 сәуірде елдің бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың Ташкент облысы Зангиат ауданындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқанын хабарлады. Баспасөз қызметінің айтуынша, оған ешқандай артықшылық берілмеген - қатардағы сотталушы ретінде жазасын өтеп жатыр. 3 сәуір 2019, 15:25 2 039 просмотра
Юнкер: Қытай инвестициясы үшін адам құқығы мәселесін айтпау орынсыз Әлемде

Юнкер: Қытай инвестициясы үшін адам құқығы мәселесін айтпау орынсыз

Өткен аптада Қытай төрағасы Ши Жинпиң Еуропаның бірнеше елінде ресми сапармен барып, Еуропадағы Қытайдың саяси-экономикалық қадамдары үшін ең негізгі кедергілерді жеңілдетуге тырысқан еді.  3 сәуір 2019, 12:22 1 527 просмотра
Сайлауда жеңілген Тимошенко дауыс беру нәтижесін сотқа бермейтінін айтты Әлемде

Сайлауда жеңілген Тимошенко дауыс беру нәтижесін сотқа бермейтінін айтты

Оппозициялық "Батькивщина" партиясының лидері Юлия Тимошенко Украинада 31 наурызда өткен президент сайлауының бірінші турының нәтижесін сотқа беруден бас тартты. Бұл туралы ол 2 сәуірде хабарлады деп жазады Азаттықтың украин қызметі.   3 сәуір 2019, 09:59 1 250 просмотра
Алжирдегі жаппай ереуілден соң президент Бутефлика отставкаға кетті Әлемде

Алжирдегі жаппай ереуілден соң президент Бутефлика отставкаға кетті

Алжир президенті Әбделазиз Бутефлика сейсенбіде, 2 сәуір күні елде бірнеше айға жалғасқан ереуілден соң отставкаға кетті. Бұл туралы елдің мемлекеттік агенттігі хабарлады. Президент отставкасы туралы хабар Алжир армиясы бас штабының басшысы Ахмед Гаед Салах ел президентін биліктен дереу кетіруге шақырғаннан соң пайда болды. 3 сәуір 2019, 09:44 1 637 просмотра
Алжир президенті Бутефликаның биліктен қашан кететіні белгілі болды Әлемде

Алжир президенті Бутефликаның биліктен қашан кететіні белгілі болды

Алжир президенті Әбделәзиз Бутефлика биліктегі төртінші мерзімі аяқталғанға дейін, биыл 28 сәуірде қызметінен кетеді. Бұл туралы APS мемлекеттік ақпарат агенттігі Алжир президенті кеңсесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. 2 сәуір 2019, 15:25 1 530 просмотра
Польшалық дін қызметшілері "Гарри Поттер" мен "Сумеркиді" өртеді Әлемде

Польшалық дін қызметшілері "Гарри Поттер" мен "Сумеркиді" өртеді

Католик шіркеуінің бір топ қызметкерлері сиқыршылар мен вампирлер жайлы кітаптарды, бірнеше мүсін мен бетпердені және Гданьск костелінің бір картинасын өртеп жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости.  2 сәуір 2019, 14:33 1 554 просмотра
​АҚШ Түркияның F-35 ұшағын пайдалану мүмкіндігін шектемек Әлемде

​АҚШ Түркияның F-35 ұшағын пайдалану мүмкіндігін шектемек

Кеше АҚШ Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, Түркияға F-35 жауынгерлік ұшақтарының бөлшектері мен нұсқаулықтарын беруді тоқтатқанын хабарлады. Бұл АҚШ-Түркия арасындағы соңғы саяси қайшылықтарды тағы бір сатыға көтерді. АҚШ тарабы соңғы бірнеше айда Түркияға ресейлік S-400 зымыран қорғаныс жүйесін сатып алудан бас тартып, америкалық қорғаныс жүйесін пайдалануды талап етіп келген.  2 сәуір 2019, 11:32 1 826 просмотра
​Венесуэлада 30 тәулік бойы электр қуатын үнемдеу режимі енгізілді Әлемде

​Венесуэлада 30 тәулік бойы электр қуатын үнемдеу режимі енгізілді

Венесуэлада 30 күн бойы электр энергиясын үнемдеу режимі енгізілді. Президент Николас Мадуро халыққа жолдауында осылай деп мәлімдеді. Яғни енді бір ай бойы үкімет қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді.  2 сәуір 2019, 09:52 1 344 просмотра
Малайзияда Ким Чен Намның өліміне айыпты адамға үкім шықты Әлемде

Малайзияда Ким Чен Намның өліміне айыпты адамға үкім шықты

Малайзия соты Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның бауыры Ким Чен Намның өліміне байланысты айыпталған Вьетнам азаматы Доан Тхи Хуонгты үш жыл төрт айға бас бостандығынан айыруға үкім етті. 1 сәуір 2019, 17:12 2 217 просмотра