Атырау, 24 сәуір 07:08
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Әлемде

Ұлыбритания парламенті Мэйдің Еуроодақтан шығу жоспарын үшінші рет қолдамады Әлемде

Ұлыбритания парламенті Мэйдің Еуроодақтан шығу жоспарын үшінші рет қолдамады

Наурыздың 29-ы күні Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан шығу туралы келісімді мақұлдамады. Бұл - премьер-министр Тереза Мэйдің ұсынған үшінші жоспары. Парламент одан үшінші рет бас тартып отыр. Оған 344 депутат - қарсы, 286 депутат қолдап дауыс берген. 30 наурыз 2019, 09:46 1 443 просмотра
АҚШ Ресейді қамауға алынған Қырым татарларын босатуға шақырды Әлемде

АҚШ Ресейді қамауға алынған Қырым татарларын босатуға шақырды

АҚШ мемлекеттік департаменті Мәскеу билігінің Ресейде тыйым салынған Хизб ут-Тахрир ұйымының қызметіне қатысты деген күдікпен аннексияланған Қырымның 23 тұрғынын қамауға алғанын сынады. 29 наурыз 2019, 14:59 1 458 просмотра
​Қытайда авторлық құқыққа қатысты заң күшейтілді Әлемде

​Қытайда авторлық құқыққа қатысты заң күшейтілді

Әлемдегі атақты брендтер көшірмесін лезде жасайтын Қытай авторлық құқық мәселесіне соңғы жылдары ерекше назар аудара бастады. Қазір бұрынғыдай емес, әйгілі тауар белгісі бар заттар ашық сатылмайды. Бұдан бөлек атақты жұлдыздардың есімін де рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынған. Бейнежазба 29 наурыз 2019, 11:22 2 255 просмотра
Венесуэла президентінің қарсыласы Гуайдо жемқорлық күдігіне ілінді Әлемде

Венесуэла президентінің қарсыласы Гуайдо жемқорлық күдігіне ілінді

Венесуэла бас бақылау органы оппозиция лидері, қаңтарда өзін уақытша президент жариялаған Хуан Гуайдоның жемқорлық күдігімен парламент спикері қызметінен шеттетілгенін хабарлады. Оған 15 жыл сайланбалы қызметтері атқаруға тыйым салынды. Бұл туралы елдің бас бақылаушысы Элвис Аморосо хабарлады. 29 наурыз 2019, 09:36 1 549 просмотра
Мәскеу: АҚШ өзгелерге ескерту жасаудан бұрын Сүриядан шығып кетсін Әлемде

Мәскеу: АҚШ өзгелерге ескерту жасаудан бұрын Сүриядан шығып кетсін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Венесуэладан шығып кетуді ескерткен еді. Ресей тарабы бұған қарама-қарсы мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Сүриядан шығып кетуін талап етті.  28 наурыз 2019, 16:49 1 696 просмотра
Еуропарламент пластиктен жасалған ыдыстарға тыйым салу туралы заң қабылдады Әлемде

Еуропарламент пластиктен жасалған ыдыстарға тыйым салу туралы заң қабылдады

Еуропарламент 2021 жылдан бастап Еуроодақ аумағында пластиктен жасалатын бір реттік қолданысқа арналған ыдыс-аяқ, асхана заттары, су ішетін кішкентай түтікше сияқты заттарды өндіруге және сатуға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады. Еуропарламенттің 560 депутаты – қолдап, 35-і қарсы дауыс берген. 28 адам тыс қалған. Бұл туралы парламенттің ресми сайтында хабарланды. 28 наурыз 2019, 12:47 4 808 просмотра
Аргентинаның экс-президенті бас бостандығынан айырылды Әлемде

Аргентинаның экс-президенті бас бостандығынан айырылды

Сот Аргентинаның экс-президенті Карлос Менемді қожалықты төмендетілген баға түрінде сатқаны үшін үш жыл тоғыз айға абақтыға қамады. Бұл туралы Nacion порталына сілтеме жасап РИА Новости мәлім етті. 28 наурыз 2019, 08:57 1 215 просмотра
Литвада СССР-дің бұрынғы қорғаныс министрі 10 жылға сырттай сотталды Әлемде

Литвада СССР-дің бұрынғы қорғаныс министрі 10 жылға сырттай сотталды

Вильнюс соты СССР-дің бұрынғы қорғаныс министрі Дмитрий Язовты 10 жылға сырттай соттады. Сот оны 1991 жылы 13 қаңтардағы оқиға кезінде әскери және адамзатқа қарсы қылмыстарға кінәлі деп таныған. Бұл туралы Delfi хабарлады. 27 наурыз 2019, 16:38 1 838 просмотра
Қырымда ФСБ жиырма шақты тұрғынның үйін тінтіп жатыр Әлемде

Қырымда ФСБ жиырма шақты тұрғынның үйін тінтіп жатыр

Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ), ішкі істер министрлігі мен Росгвардия қызметкерлері Ресейде және тағы бірқатар елде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының қызметіне қатысқан деген күдікпен бірнеше тұрғынның үйін тінтіп жатыр. Бұл туралы Қырымдағы ФСБ басқармасына сілтеме жасап ресейлік басылымдар хабарлады. 27 наурыз 2019, 16:21 1 683 просмотра
"Бәрін орнынан аламын" - Лукашенко облыс шенділерін қызметінен қуды Әлемде

"Бәрін орнынан аламын" - Лукашенко облыс шенділерін қызметінен қуды

Беларусь президенті Александр Лукашенко Могилевск өңіріндегі жұмыс сапары кезінде жоспарланған жерге емес, көзі түскен мал қораға кіріп кеткен. Соның салдарынан облыс шенеуніктері қызметінен айырылды Бейнежазба 27 наурыз 2019, 15:00 1 730 просмотра
Конгресс Трамп қойған ветоның күшін жоя алмады Әлемде

Конгресс Трамп қойған ветоның күшін жоя алмады

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Мексикамен шекарада жарияланған төтенше жағдайды алып тастау туралы қарарға қойылған президент Дональд Трамп ветосының күшін жоя алмады. Ветоны алып тастауға төменгі палатаның 290 депутаты дауыс беруі керек еді, бірақ 248 адам қолдау білдірген. Оның 14-і ғана республикашылдар. Бұл туралы NPR хабарлады. 27 наурыз 2019, 11:17 1 772 просмотра