Атырау, 19 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Иран: АҚШ санкциясы – экономикалық терроризм

1 871 просмотра


«АҚШ-тың әрекеті экономикалық соғыс қана емес, бұл – экономикалық терроризм», – деді Иран СІМ басшысы Мұхаммед Зариф кезекті мәлімдемесінде. 

Ол АҚШ-тың Иранға қаратқан санкциялары табиғи апаттан зардап шеккен халыққа көмек беруге мүмкіндік бермей жатқанын алға тартқан. Зариф әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеме жасап, халықаралық ұйымдардың су тасқынынан зардап шеккен ирандықтарға көмек беруге шарасыз қалып отырғанын, бұған АҚШ-тың осы елге салған санкциялары себеп болғанын айтты. Иран тарабы Трамптың санкция шешімі БҰҰ-ның 2231 нөмірлі шешіміне және халықаралық Әділет заңына қайшы келеді деп қарайды. Мұхаммед Зариф кезекті мәлімдемесінде «АҚШ санкциясы – экономикалық терроризм» деп бағалаған.

Дерекккөз: qazaqtimes.com

 

2 сәуір 2019, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.