Атырау, 19 мамыр 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Актер Алексей Булдаков қайтыс болды

1 853 просмотра


Актер Алексей Булдаков 68 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Амурская осень" театр және кино фестивалінің президенті Сергей Новожилов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.  

Булдаков 1951 жылы 26 наурызда Алтай өлкесінің Макаров ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанда өсіп, еңбек өтілін біздің елде бастады. Чехов атындағы Павлодар драма театрында театр студиясын бітірген (1969). Павлодар трактор зауытында жұмыс істеді. 1976 жылға дейін Павлодар, Томск, Рязань театрларында жұмыс істеді. 1982 жылға дейін - Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында қызмет етті. 

Булдаков "Особенности национальной охоты" фильмінде генерал Иволгиннің рөлін сомдап, танымал бола түсті. Жалпы 150-ден аса фильмде түскен және бірнеше музыкалық альбом жазған.  Булдаков - "Ника" премиясының лауреаты. Ол РСФСР еңбегі сіңірген әртісі, сондай-ақ, Ресей Федерациясының халық әртісі.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

3 сәуір 2019, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.