Атырау, 19 мамыр 08:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Қол шапалақтап, мадақ айтуды доғарыңдар!»

1 637 просмотра


Бүгін Бұхара облысына іс-сапармен барған Өзбекстан президенті Шавкат МИРЗИЕЕВ шенеуніктерге қол шапалақтап, мадақ айтуды қоюды бұйырды. Оның орнына нақты жұмыспен айналысуды тапсырды.

Бұхарадағы кездесуде мемлекет басшысы шенеуніктердің қызметі халықтың мүдесіне еңбек ету деді.

«Сіздердің жұмыстыраңыздың нәтижесін әрбір көше, әрбір отбасы сезіну тиіс. Қол соғып құрмет көрсетуді, мақтау сөздерді қою керек. Жұмысты дұрыс жоспарлап істеу қажет», — деді президент.

ozodlik.org сайтының жазуынша президенттің кез-келген баяндамасына шенеуніктер қол соғып қошамет көрсетеді. Бірінші президент Ислам КАРИМОВ кезіндегі әдет әлі де тиылар емес. Өзбекстанның екінші президенті бұған дейін де алақан қызарғанша қол соғатын советтік мінезді қоюға шақырған.  

Дереккөз: Жас Алаш

2 сәуір 2019, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.