Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Путин: Қазақстанда АЭС құрылысын талқылауды ұсынамыз

1 843 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуірде өткен Кремльдегі келіссөзден соң баспасөзге арналған ортақ мәлімдеме жасады.

Екі елдің экономикалық байланысы туралы айтқан Путин "бейбіт атом саласындағы серіктестік" жайын сөз етті. Оның айтуынша, "уран өндіру және байыту бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен алты өнеркәсібі жұмыс істейді". "Әріптестіктің жаңа формасына өтуді" ұсынған Путин "Қазақстанда Ресей технологиясымен атом электр станциясын (АЭС) салу" жайлы айтты.

Путин мен Тоқаев келіссөзде "гуманитарлық байланыстарды да талқылаған". Оның сөзінше, Қазақстанда жаңа ресейлік мектеп мен университет, Ресей ғылым мен мәдениет орталығының өкілдігін ашу жоспары талқыланып жатыр.

Ресей президентінің хабарлауынша, оның Тоқаевпен келесі кездесуі 29 наурызда Қазақстан астанасында "Еуразия экономикалық одағының бес жылдығына арналған" Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі отырысының аясында өтеді.

Жиын өтетін орын ретінде Нұр-Сұлтанның таңдалғанын Путин "одақтың құрылуындағы Қазақстан мен одақ құруды ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін көрсеткіміз келді" деп түсіндірді.

Тоқаев пен Путин 20 наурызда отставкаға кеткен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Мәскеудегі келіссөз басталардың алдында да айтқан.

Тоқаевтың Ресейге сапары алдында оның мемлекеттік басылымдарға берген сұхбаты шықты. Онда президент "Назарбаев тəуелсіз елдегі саяси басқару мен сабақтастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді" деп, өзінің де "президент ретіндегі негізгі ұстанымы мен өмірлік көзқарасы осы бағыттан ауытқымайтынын" айтады.

Ал қазақстандық саясаттанушы Тоқаевтың алғашқы ресми сапары Мәскеуден басталуын "саяси әдіс" деген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

4 сәуір 2019, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.