Қоғам Атырауда екі дағдарыс орталығы ашылады Қаңтарда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру туралы заң күшіне енді. Соған сәйкес абақтыдан ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған 1,5 мың адам босатылатын болады. Таяуда облыстық әкімдікте бостандыққа шыққаннан кейін бұрынғы сотталушылардың қайда баратындығы туралы мәселені шешті. 2 наурыз 2011, 18:54 4 589 просмотра
Қоғам Қалғаны «бөлшектеліп» шығарылмақ Наурыз айында қалалық сәулет бөлімінің рұқсатынсыз орнатылған металл көлікжайларға қатысты проблема шешімін таппақ. Бұл туралы сенбі күні қалалық әкімдіктегі брифингте хабарлады. 2 наурыз 2011, 18:57 2 835 просмотра
Қоғам Қаржы полициясы үшін мораторий аяқталған жоқ «Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру мораторийі мерзімінің өткеніне қарамастан, ерекше жарлыққа дейін қаржы полициясының органдары бұрынғы мораторий жағдайында жұмыс жасайтын болады», - деп мәлімдеді Атырау облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің (қаржы полициясының) ұйымдастыру-бақылау басқармасы инспекциясының бастығы Қаһарман ЖӘРДЕМОВ кәсіпкерлермен кездесу кезінде. 2 наурыз 2011, 19:03 2 625 просмотра
Оқиға «Зиратта қалдырғаны үшін» жазаланды Қалалық сот қарт адамды қағып, оны зират басына апарып тастаған жүргізушіге қатысты үкім шығарды. 2 наурыз 2011, 19:07 2 619 просмотра
Қоғам «Теңізшевройл» наразылық білдіруде Соңғы кездері ҚР үкіметі мен ТШО арасынан қара мысық жүгіріп өткендей жағдай қалыптасқан. Мұнай өндіру тереңдігі жөніндегі дау-дамайлар басылмай жатып, жаңасы бой көтерді. Бұл жолы келіспеушілікке «Теңізшевройл» наразы боп отырған экспорттық-кедендік баж салығының төлемдері себеп болды. 2 наурыз 2011, 21:23 4 628 просмотра
Қазақстанда Қазақстандықтар 8 наурызда үш күн демалады Қазақстанда Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге байланысты наурыздың 6, 7,8 демалыс деп жарияланды. «Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2011 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күні 2011 жылғы 5 наурыз сенбіден 2011 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге ауыстыру туралы Қаулы қабылдады», - деп көрсетілген сәрсенбіде таратылған хабарламада. 25 ақпан 2011, 00:00 3 718 просмотра
Қоғам «Біз білетін Шариполла бұл емес» Газетіміздің өткен санында жарияланған «Облыс прокуроры Бауыржан Сматлаев: “Шарифолла Сайфуллин есірткі және әскери қарумен қолға түсті”» деген мақаладан кейін редакцияға айыпталушының ет жақын туысқандарының бір тобы және оның адвокаты хабарласты. Олар өздерінің талаптарын төмендегі жолдаған хаттарында баяндайды (қысқартылып басылып отыр). 24 ақпан 2011, 00:00 3 778 просмотра
Спорт Рашид МУСИН: «Сәбилер сальто жасай білсе дейміз» 15 наурызда «Жас батыр» спорт клубында еліміздегі алғашқы спорттық балалар бақшасы ашылады. Біз клуб жетекшісі Рашид МУСИНГЕ бірнеше сұрақтар қойған едік. 24 ақпан 2011, 00:00 5 496 просмотра
Мәдениет Арулардың құрметіне арналған көрме Ақпанның 22-сі күні «Ақжелкен» шығармашылық орталығында алғаш рет жергілікті арулардың көркемсурет және қолөнер көрмесі ашылды. Мұндай құрмет - әйел аналардың алдағы күнгі 8-наурыз мерекесіне орай өткізіліп отыр. 24 ақпан 2011, 00:00 8 702 просмотра
Қоғам Алабай – қазақтың ұлттық бренді Соңғы жылдары алабай тұқымдас қазақ төбеттеріне көп мән беріліп жүр. Тіпті кей жерлерде ит төбелестіру де өзінше бір бизнестің түріне айналған. Жақында қаланың сыртында иттер шайқасының екінші турнирі өтті. 24 ақпан 2011, 00:00 16 762 просмотра
Экономика Арзанның жілігі татымас Күн демалыс. «Көктем» базарына бас сұққан едім. Көкөністер залындағы бағалар көңіл жабырқатады екен. Картоптар 160 теңгеден. Ал оның қасында фото сессиядағыдай болып «әкімшіліктің» келісі 100 теңгелік картоптары жатыр. Бағасы ғана емес жасы да... 24 ақпан 2011, 00:00 4 419 просмотра
Қоғам Түрмелерде көлік жоқ Атырау облысындағы қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты бірқатар мекемелер көлікке жарымай отыр. Мәселен, УГ 157/9 түзеу мекемесіндегі мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер қыстың қақаған күндері қала сыртына жаяу сабылып жүрсе, әйелдер колониясында оқыс жағдай туа қалса селбесетін көлік жоқ. 24 ақпан 2011, 00:00 3 196 просмотра
Қазақстанда Қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік нарыққа қашан шығады? Ақпанның 19-ы күні «Ренессанс» қонақ үйінде шетелде білім алуға байланысты жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде әлемнің 17 елінің 83 оқу орны таныстырылды. 24 ақпан 2011, 00:00 3 744 просмотра
Басқа жаңалықтар Балық аулаудағы былықтар Махамбет ауданы прокуратурасының мәлімдеуінше жыл сайын елу тоннаға жуық заңсыз балық ауланып, мемлекетке миллиондаған теңге залал келеді екен. 24 ақпан 2011, 00:00 3 471 просмотра
Басқа жаңалықтар Жаңа бейнекамера да, сақшы да керек Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау көшелерінде тағы да 200-ден аса бейнекамералар орнатылуда. Өткен аптада облыс әкімі Бергей Рысқалиев өз бағыныштыларына ұзаққа созылған осы процесс үшін мықтап ұрсып, облыстың бас полицейінің штатты көбейту туралы ұсынысын қабыл алмаған болатын. 24 ақпан 2011, 00:00 3 680 просмотра
Оқиға Ұрылар Алмагүлдегі лифтіні тоқтатып тастады Өткен аптада Алмагүл ықшам ауданындағы 16 қабатты алты үйдегі лифт двигательдері оралған мыс сымдар ұрланған. 24 ақпан 2011, 00:00 3 218 просмотра
Басқа жаңалықтар Бір түнде үш сәби көз жұмды 19-шы ақпанға қараған түні Атырауда бірден үш кішкентай сәби өлімі тіркелді. 24 ақпан 2011, 00:00 3 819 просмотра
Қоғам Тайғақтан құтқарған тұз Аяқ киімде сортаң тұздың пайда болғаны жағымсыз жайт. Алайда қалалық қызметтер көк тайғақпен қалай күреспек? 24 ақпан 2011, 00:00 2 554 просмотра
Қоғам Әзірге тұмаудан төнер қауіп жоқ Қазақстанда тұмауға шалдығу жиілеп кетті. Атырауда тұмау әзірге тіркелген жоқ, алайда медиктер еркінсімеуге кеңес береді. Індет маусымы тек 1-ші сәуірде ғана аяқталады екен. 24 ақпан 2011, 00:00 3 041 просмотра
Қоғам Бес теңгенің «әлегі» жолақысын өсірмек Қалалық әкімдіктің транспорт бөлімінің қызметкерлері күтпеген жерден «Рейдке шығамыз!» деген ұсыныс жасады. Алайда, ашық-тесік аялдамаларда суыққа тоңып, оның үстіне жұмыс қүні қызған шақта жолаушыларға кедергі келтіру ешкімді қуанта қоймады. Сондықтан да әңгіменің аяғы қалалық автобустар маршруттарының тақырыбын қозғаған брифингпен аяқталды. 24 ақпан 2011, 00:00 3 808 просмотра
Экология Теңізде 4,1 баллдық жер сілкінісі орын алды 21-ші ақпанда Теңіз кенішінің аумағында жер асты дүмпуі болған. Батыс Қазақстандағы жерасты дүмпуі туралы ақпарат алдымен ресейлік және шетелдік сайттарда пайда болды. Қазақстандық сайттарда бұған қатысты әзірге ештеңе айтылмайды. Ал облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарласу мүлдем мүмкін болмады. Баспасөз хатшысы ауырып қалған, ал оның орнын алмастырған қызметкердің телефоны жауап бермеді. 24 ақпан 2011, 00:00 4 619 просмотра
Қоғам Жәнібекке шұғыл түрде донор қажет Құрманғазы ауданы Мақаш ауылының тұрғыны Сәрсенбай Кенжеғалиев өзінің аяқ астынан ауыр науқастанып қалған кенже ұлы Жәнібек Отаровтың бүйрегін шұғыл түрде ауыстыру қажеттігін айтады. Ол үшін донорлық бүйрек қажет. Мұндай отаны жасатуға дәл қазір қаражат жағы қолбайлау болып отырған жайы бар. Ал Жәнібекке бүйрек ауыстыру үшін 45 мың доллар ауадай қажет болып тұр. 24 ақпан 2011, 00:00 8 232 просмотра
Қоғам Басынан бағы тайған Балқұдық Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңіріндегі Балқұдықтың басынан бақ тайғалы бірнеше жылдың жүзі болды. 24 ақпан 2011, 00:00 9 110 просмотра
Қоғам Несиенің «несібесінен» дәмелі үйлер ПИК жалпы жиналысы қарыз «қарарлары» туралы шешімді қарады Қалалық әкімдік тұрғын үй-коммуналдық реформаны жүзеге асыруға кірісті. 18-ші ақпанда ПИК жиналысы болды, онда тұрғын үй қорын термомодернизациялау және күрделі жөндеу жөніндегі нақты жоспарлар көзделді. 24 ақпан 2011, 00:00 3 294 просмотра
Экономика Екінші деңгейдегі үйлер әлі сұраныста Дағдарысқа қарамастан жылжымайтын мүлік бағасы күткеніміздей құлдырай қойған жоқ. Тек шамалы ғана төмендеді де, тоқтап қалды. Сұраныстың жалпы азаюына қарамастан пәтерлер төмен бағаға кете қойған жоқ, дегенмен, дағдарысқа дейінгі «қомақты» бағалар да жоқтың қасы. Сатушылар көбінесе өз хабарландыруларында ұсыну (кейін бір-екі мың теңгесін түсетін) бағасын емес, нақты бағасын, яғни, келісімнің іс жүзіндегі құнын көрсетіп жазады. Дағдарыс тұсындағы тағы бір басты деталь-сатып алушы пәтермен бірге (фурнитура мен техникаларын қоса) сол ақшаға барлық жиһазымен бірге (шырағданға дейін) сатып алуға тырысады. Дегенмен, дағдарыстың аты дағдарыс қой. 24 ақпан 2011, 00:00 3 381 просмотра