Атырау, 28 наурыз 23:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Әзірге тұмаудан төнер қауіп жоқ

2 996 просмотра

Қазақстанда тұмауға шалдығу жиілеп кетті. Атырауда тұмау әзірге тіркелген жоқ, алайда медиктер еркінсімеуге кеңес береді. Індет маусымы тек 1-ші сәуірде ғана аяқталады екен.

«Көршілес Ресей – Астрахан мен Волгоград облыстарында тұмау салдарынан өлімге апарып соқтырған жағдайлар тіркелген. Вирус шекара дегенді білмейді, біз де одан сақтанбағанбыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау комитеті Атырау облыстық департаментінің басшысы Тимур СУКАШЕВ. Осыған байланысты облыстың медициналық мекемелерінде қызметкерлерге бетперде кию режимі енгізіліп, стационарларда науқастарға келуге шектеу қойылған. Учаскелік және жедел жәрдем дәрігерлеріне өткір респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен ауырған науқастарға 5 күнге дейін еңбекке жарамсыздық бетшесін беруге рұқсат етілген. Мектептерге бару мониторингісі жүргізілуде – егер бала сабаққа келмесе, ол өзінің емханасына қаралды ма, егер қаралса, қандай шағыммен қаралған, соны медиктер тексереді. Өткен аптада, мәселен, облыстағы 39 мың оқушының 200-і мектептегі сабақтарына бармай қалған. Медициналық ақпарға сәйкес, тек олардың 46-сы ғана дәрігерлерге қаралған, олардың арасында тұмауға шалдыққандар жоқ.

Қалалық СЭС бас дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, мектептердегі температуралық режим үшін директор жауап береді, олар сабақты өткізбеуге құқылы. Күн сайынғы бақылау мониторингісінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда өткір респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттану шегі 7-ші ақпанға тура келіп, сырқаттар саны 15600 болған. Соның ішінде 26-сы тұмауға шалдыққандар. Тұмаудың алдын алу шараларының ішіндегі тиімдісі – вакциналау боп табылады. Облыста барлығы 31647 адам вакцина ектірген, оның ішінде 8416-сы тегін вакцина алған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.