Атырау, 26 сәуір 01:54
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бес теңгенің «әлегі» жолақысын өсірмек

3 788 просмотра

Қалалық әкімдіктің транспорт бөлімінің қызметкерлері күтпеген жерден «Рейдке шығамыз!» деген ұсыныс жасады. Алайда, ашық-тесік аялдамаларда суыққа тоңып, оның үстіне жұмыс қүні қызған шақта жолаушыларға кедергі келтіру ешкімді қуанта қоймады. Сондықтан да әңгіменің аяғы  қалалық автобустар маршруттарының тақырыбын қозғаған брифингпен аяқталды.

Болмай қалған рейдті ұйымдастыру идеясына әуел баста автобус кондукторының балағат сөзіне шағымданған қалалық азаматшаның арызы себеп болған екен. Брифингте бәрі үшін қалалық әкімдіктің транспорт бөлімінің бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВКЕ қиналуға тура келді.

- Автобус аялдамада қанша уақыт тұруға тиісті?

- Автобус тек соңғы аялдамада ғана тұруға тиісті, ал, аралық аялдамаларда жолаушыларды түсіріп және отырғызуға ғана рұқсат етіледі.

- Автобус қандай орташа жылдамдықпен қозғалуға тиісті?

- Тасымалдаушылармен арадағы келісім-шарт бойынша автобустар 35-40 км/сағат жылдамдықпен қозғалуға тиісті.

- Бәлкім, кейбір маршруттардың ұзақтығын қысқартып, олардың санын арттыру қажет шығар?

- Менің ойымша, бәрін сол күйінде қалдыру керек. Өйткені, басқа жағдайда жүргізушілер тағы да өзара «жарыстарын» бастайтын болады. Қазір қаладағы ең ұзын автобус маршруты -18 шақырым болса, ең қысқасы-10 шақырым. Бұдан басқа, біз тендерсіз қазіргі қолданылып отырған құрылымды өзгерте алмаймыз. Оған прокуратура рұқсат етпейді.

- Автобустарда қалта ұрыларынан аяқ сүрінеді. Кондукторларға шағымданудан пайда жоқ, олар оған мән де бермейді, бәлкім, олар да қорқатын болар. Сонда олармен  қалай күресуге болады?

 - Мен оларға бұйрық бере алмаймын. Олардың жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 7-ден басталады да, түннің ортасы ауған кезде аяқталады. Қылмыскерлер оларды автопарк маңынан оп-оңай-ақ, аңдып, қауіп төндіруі де мүмкін ғой! Меніңше қалта ұрыларынан зиян шеккендер бірден қалалық ІІБ шағымданғандары жөн.

- Аязды күндері автобустар неліктен дұрыс жүрмейді? Олар сонда қызбай қалып жатыр ма? Қандай автобустар қыстың аязына төзімді келеді? 

Бұл сауалға«Батыс Транспорт-СИМ» ЖШС директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Құрмет БАЗАРБАЕВ жауап береді:

- Өзін «Daewoo» автобусы ақтады. «Hyundai» тез қызбайды. Әрине, олардың екеуіне қарағанда ең таңдаулысы немістің «Man» автобусы болып есептеледі, алайда, олар өте қымбат. Қазір маршрутқа күн сайын 100 үлкен автобустар шығарылып отыр. Бірақ, олардың үштен бірі аяздың салдарынан тез бұзылып, қайтып келіп жатады. Көбіне істен жылу жүйесі, «сцепление» және тежегіш жүйесі шығып жатады. Бізде күн сайын 5 механик кезекшілік етеді. Автобустардың бұзылғандарын жедел жөндеу үшін қосымша тағы да 6 механик жұмысқа тартылды. Біздің жұмысымызға маршруттарды жалға алып отырған жүргізушілер кесірін тигізіп отыр. Олар  аптасына тек 5 күн ғана жұмыс жасайды.  Біз жеке автобустардың иелеріне ауысымдық жұмыс үшін бірнеше жүргізушіні жалдау керектігін үнемі айтып отырамыз, алайда олар оған құлақ асатын емес.

- Мамыр айында өтетін тендерде сіздер жолақысын өсіруге тапсырыстар бересіздер ме?

 - 45 теңге деп белгіленген тариф қолайсыз. Барлық кондукторлар 5 теңгелік монетаның жетіспейтіндігіне шағымданады. Сондықтан жолақысын дөңгелетіп, яғни, 50 теңге етіп алған дұрыс сияқты. Оның үстіне барлық заттың бағалары да өсуде...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген  В. Истомин

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.