Атырау, 24 желтоқсан 18:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Пластик жайлы хикая

11 201 просмотра

Өзіміздің газетіміздегі «пластиктерді қабылдаймыз» деген хабарландыру мені ерекше қуантып тастады. Коланың бөтелкесін қалдық салатын жәшікке әрбір  лақтырған сайын, шынымды айтсам, қиналып қаламын.  Кола секілді зиянды нәрсені ішкенім аздай, табиғатты да бүлдіреміз, өйткені, пластик, түрлі ақпарат көздері бойынша, табиғи ортада 50 жылдан 500 жылға дейін іріп-шіріп жата береді екен...

Металды, әйнек ыдыстарын немесе қағазды тапсыру – кез-келген бұрынғы пионер үшін таңсық емес болатын. Бүгінде интернет арқасында менде қағаз көп емес, шыны ыдыстар көрішілер мен туысқандардан қалмайды. Ал, қарапайым шаруашылықта металл секілді байлық қайдан болсын, бола қалған күнде де қара металл сынықтарын іздеушілер жинауға мүмкіндік бермес. Ал, пластик болса, бұл проблемаға айналып отыр.

Өкінішке қарай менің қуанышым ұзаққа бармады. Бұл ЖК басшысы Сергей СЕРГЕЕВ, мені абыржытып тастады:

– Бөтелкелерді біздер қабылдамаймыз, біздің қондырғыларымыз барынша жуан пластиктерге арналған - шелек, шылапшын, тіпті, айранның ыдысы мен су сабынның ыдысы да жарап қалады, ал, бөтелке уақталудың орнына қондырғыға орала береді.

Цехқа жақын маңда түрлі қалдықтар жиынтығы таудай болып үйіліп тұр. Олардан пластиктен құралатын – көлемі сантиметр болатын шағын пластиналар дайындалады. Реинкарнация кезегінде бояудан қалған және көлік майларының ыдыстары, жеміс-жидектер мен бөтелкелердің пластик жәшіктері, канализациялық тұрбалардың бөліктері, ескі теледидардың қаптамасы, шаңсорғыш корпусы, баланы тамақтандыруға арналған орындық, пластикалық орындықтар, қорғаныс каскісі, ойыншықтар, суға арналған үлкен бактер... тұр. Бір сөзбен айтқанда, пластик қалыңдығы екі миллиметрден ғана асады, бірақ, бестен артық болмайды. Қалың болса, ол жердегі ұнтақтағыштың күші келмейді.

Біздің алғашқы сауалымыз пластиктің қандай материалға айналатыны туралы болды. 

– Жабын қыш (черепица) және кеспе тасқа айналады.

– Қоршаған ортаға келті-ретін залалы қандай, лас өндіріс емес пе?

– Жоқ. Біз пластикті өртемейміз ғой, айтарлықтай жеткілікті болатын 220 гардуста балқытамыз. Ал, сіз кез-келген пластиктің балқыған кезде ашық-жасыл түске енетінін білесіз бе?

Шын мәнінде плитка ешқандай дақтарсыз көзге ұнамды түс алады. Ең қызығы, егер массаны жеңіл түрде қыздыратын болса, онда оның түсі антрацитті-қара түске өзгереді.

Пластикті шикізат өңдеуге тапсырудан қанша табуға болады? Килограмы үшін 20 теңге. Бұл бірнеше шелек немесе бір жарым не  екі қорғаныс каскасы. Қалдықтан байып кете қоймасымыз түсінікті, алайда, өз аулаңда пластик бөтелкелерді өртеп, атмосфераны бүлдірмегенің немесе қалалық қалдық алаңындағы тонналаған қалдықтарды аз да болса толықтырмадым деген ойдан моральдық жағынан қанағаттанудың өзі қымбатқа түседі. Айтпақшы, қалдық алаңы туралы...

– Сіздерге неліктен  пластикке бай  қалалық қалдық орындарымен серіктестік қарым-қатынас орнатпасқа?

– Тырысып көрдік. Тіпті, біздің бағатізбеміз бойынша, тоннасына 20 мың теңге төлеп алдық, оның үстіне қалдықтарды өзіміз ірктеп алып отырдық. Бірақ, кейін қалдық полигонының басшылары мұндай серіктестіктен неге екені белгісіз бас тартты. 

 

«РЕЖИМДІК» НЫСАН

Қалалық қалдық алаңының қожайыны «Арнаулыавтобаза» директоры Дулат ТҰРҒЫМБАЕВ әңгіменің не туралы екендігін түсінбегендей болды. Бірақ іле-шала шешіле сөйлеп кетті.

- Мен коммерсант, кәсіпорын басшысы ретінде қалдықтың жартысының қайта өңделгендігіне қуанар едім және оның үстіне ақша төлейтін болса, менен бақытты адам болмас еді. Мәселе басқада болып отыр - олар қалдықтарды іріктеуге кездейсоқ адамдарды жалдап алады. Көбіне сырттан келгендер түсті металл бар ма, жоқ па соны қарау үшін  желі орамасын жағуды бастайды. Олар бірнеше рет өрт қойды. Білесіз бе, маған қауіпсіздік керек. Сол себептен мен оларды қуып шықтым...

- Алайда, экологиялық жағынан алып қарағанда, мұндай серіктестік қалаға пайдалы емес пе, қалдық алаңдарының арасында жанып жататындығы құпия емес, әсіресе, айталық, сол түрлі пластиктер өртенгенде шығатын өткір түтін  ше?   

– Мұның шешімі бір ғана мәселеге тіреледі – бізге сұрыптау зауыты керек. Мен бұл туралы айтқалы бірнеше жыл болды. Жоба жасақталды, қала бюджеті ақша бөлмекші болды, бірақ, артынша басқа бір одан да пайдалы жобалар табыла кетті. Ал, бұл жинаушылар бізге кедергі келтіреді. Бізге келген қалдықтарды бірден нығыздап, жерге көму керек. Олар болса, бізден уақыт бере тұруды сұрайды, ал, жел қағаз, пакет секілді жеңіл қалдықтарды ұшырып әкетеді. Жалпы, қаланың қалдық алаңында бөтен біреулерге не бар?! Онсыз да үнемі сығандар не қалдықтан ақша тапқысы келгендер өртеп кетіп жатады.

 

БІЗ ӨЛЕМІЗ, АЛ, БАКЛАЖКА  ҚАЛАДЫ

Пластмассалар тез жанатындықтан өрттің шығуына себепші болуы әбден мүмкін. Олар жанған кезде улы заттарды бөледі: көмірсутек оксидін, циан сутегін, хлорлы сутекті, акролеин, азот тотығын, түрлі  алифатикалық және хош иісті көмірсутектері. Ал, мәселен, көмірсутегінің қостотығы демалған кезде қандағы ауаны толығымен қысып тастауға бар. Бұл өте қауіпті. 

Сенбіліктердегі «тазарту» әдісі де зияннан басқа ештеңе әкелмейді. Әсіресе, жанған алауға полиэтиленді пакеттер, пластикалық ыдыстар түсер болса. Алаудың қызуы пластиктің толық жанып кетуі үшін жеткіліксіз. Осы алаудан шыққан қалың қара түтін  канцерогенді заттектерді - жартылай хош иісті көмірсутектерді бөледі. Нейлон, поролон, басқа да көптеген синтетикалық маталар жанған кезде цианидтер бөлініп шығады (көгерткіш қышқыл тұзы). Ал, ПВХ-пластик (линолеум қиындылары, пластик бөтелкелердің қақпақтары, тері алмастырғыш, ойыншықтар, кленка, сымдар, ескі фламастерлер және басқалары) жанған кезде жоғары уытты заттектердің кем дегенде 75 түрін бөлінеді. Оның ішінде диоксиндер де бар.  Міне, шартты шіру мерзімі:

Көлік аккумуляторлары –  100 жылға дейін

Фольга – 100 жылға дейін (қаңылтыр – 90 жыл)

Электр батарейкалары – 100 жылға дейін

Резинді дөңгелектер  –  100 жылдан аса

Пластик бөтелкелер –  100 жылдан аса

Полиэтилен үлдір – 200 жыл

Әйнек – 1000 жылдан аса.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген В.Истомин

26 мамыр 2011, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.