Атырау, 26 желтоқсан 06:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Қиын» балаларды «қағаздағы» сүзбемен тамақтандырған

2 562 просмотра

Прокуратура «қиын» жасөспірімдерге арналған арнаулы мектептердегі жастары кәмелетке жетпеген тәрбиеленушілердің құқығының бұзылу фактілерін анықтады.

ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында таратылған ақпараттардан мәлім болғандай, тәрбиесі қиын жасөспірімдерге арналған мектеп-интернатты тексеру барысында (Химпоселкедегі мектеп) балалардың құқығының бұзылу фактілері анықталған. Мәселен, аяғы жоқ мүгедек баланың банктегі есеп шотынан интернаттың бұрынғы  директоры оның протезін жасату үшін 350 мың теңге түсіріп алған. Алайда, есеп шоттағы қаржы асыраушысын жоғалту себебі бойынша зейнетақыға аудару  үшін түскен ақша еді.   Бақылаушы орган бұрынғы басшының баланың қамқоршысы бола тұра өз кезінде заң бойынша тиісті дәрігерлік көмекті рәсімдемеген деп есептеді. Бүгін де қала прокуратурасы бұл ақшаны сот арқылы бұрынғы директордан өндіріп алмақшы.

Бұдан басқа, есептерді тексеру барысында қоймада азық-түліктердің жетіспеушілігі анықталған. Тексеру кезінде шұжықтар, апельсин, құс еті, айран, өсімдік майы, сары май, жұмыртқа және сүзбелер іс жүзінде тәрбиеленушілерге «қағаз жүзінде» қоймада болғанымен және күнделікті ас мәзірінде көрсетілгенмен берілмеген.

Тағы да тәрбиеленушілердің жеке іс қағаздарын тексеру барысында арнаулы мекемеде кәмелетке толмағандарды ұстау мүмкіндігі жөніндегі дәрігерлік анықтамалар болмай шыққан. Мәселен, тәрбиеленушілердің бірі психологиялық ауытқушылығы диагнозы болса да жыл жарым уақыт бойы осы мектепте болған.

Тексеру қорытындысы бойынша, облыстық әкімдік атына заң бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарым жолданды.

Лев ГУЗИКОВ

11 мамыр 2011, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.