Атырау, 26 қараша 10:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Құбыр айналасындағы күбір

5 891 просмотра

«Болашақ» Мұнай және Газды кешенді дайындау қондырғысы (МГКДҚ) газ құбырында қысқа мерзім ішінде екінші рет газ кету оқиғасы орын алғалы бері бір ай уақыт өтті. Алайда әлі күнге дейін жұртшылық біріншісі бойынша да, екінші жағдай бойынша да іркілістердің орын алу себептері туралы ештеңе білмейді. Тексеру ісімен апат болғаннан кейін Атырауға келіп, өздерімен бірге тұрба фрагменттерін алып кеткен Оксфорд университетінің мамандары айналысып жатқаны белгілі. ...Ресми дереккөздерден жарытымды ақпарат алу мүмкін болмағандықтан, Қашағандағы коммерциялық мұнай өндірудің, кем дегенде, бір жылға сөзсіз тоқтатылатындығы туралы айтып жатқан бейресми деректерге сілтеме жасауға тура келеді.

«БОЛМАШЫ ОҚИҒА»

Апат фактісін растаған NCOC баспасөз хабарламасында компания мұндай «болмашы оқиғалар» күрделі нысандарды іске қосу кезеңіне тән екенін айтып тыныштандырады. Ал ұзаққа созылып кеткен апатты тексеру фактісінің өзі мұның анағұрлым күрделі екендігін білдіреді. Сонымен, ахуалдың төркінін анықтап көрелік.

Мұнайды коммерциялық өндіру басталған теңіздегі D аралынан «Болашақ» МГКДҚ-на дейін үш құбыр желісі созылып жатыр. Алғашқы екеуі мұнай мен газға арналған. Сызба мынадай. Өндірілген мұнай аралдың өзінде алдын ала ажырату және құрғату процесінен өтеді. Әрі қарай ажыратылған мұнай мен газ құбыр желісі арқылы күкіртсутек пен басқа элементтерден ақырғы тазарту үшін «Болашақ» зауытына жіберіледі. Үшінші құбыр желісі арқылы тазартылған тауар газы кері теңіз кешеніне жіберіліп, теңіз кәсіпорнының өз мұқтаждығы үшін пайдаланылады. Кезінде жапондық Mitsui&Co.Ltd компаниясы жеткізген тұрбалар өте берік көміртекті шойыннан жасалған. Бізге дереккөздер хабарлағандай, бүгінде одан артық шойынның анағұрлым лайықты қорытпалары шығарылмаған. Ендеше осындай өте берік тұрбалар неліктен күкіртсутектің агрессиялы әсеріне төзбейді?

Мұнайды коммерциялық өндіру басталған теңіздегі D аралынан «Болашақ» МГКДҚ-на дейін үш құбыр желісі созылып жатыр. Алғашқы екеуі мұнай мен газға арналған. Сызба мынадай. Өндірілген мұнай аралдың өзінде алдын ала ажырату және құрғату процесінен өтеді. Әрі қарай ажыратылған мұнай мен газ құбыр желісі арқылы күкіртсутек пен басқа элементтерден ақырғы тазарту үшін «Болашақ» зауытына жіберіледі. Үшінші құбыр желісі арқылы тазартылған тауар газы кері теңіз кешеніне жіберіліп, теңіз кәсіпорнының өз мұқтаждығы үшін пайдаланылады. Кезінде жапондық Mitsui&Co.Ltd компаниясы жеткізген тұрбалар өте берік көміртекті шойыннан жасалған. Бізге дереккөздер хабарлағандай, бүгінде одан артық шойынның анағұрлым лайықты қорытпалары шығарылмаған. Ендеше осындай өте берік тұрбалар неліктен күкіртсутектің агрессиялы әсеріне төзбейді?

 

ОКСФОРДТЫ КІРІСТІРДІ

Газ құбырындағы «газ кету» компания құжаттарында SSC деген (кернеу әсерімен сульфидті ортада шытынау) қысқарған сөзбен белгіленген. Әңгіме күкіртсутек коррозиясы туралы болып отыр, бұдан кейін тұрба жыпырайып қалады екен.

Теңіздегі D аралынан «Болашақ» зауытына дейін созылып жатқан газ құбыры коррозияға берік қорытпадан жасалып, өзара жалғанған 59 тұрбадан тұрады. Газ құбыры жер астында бір метрдей тереңдікте орналасқан. Құбырдың шытынауы газ құбырының белгілі бір учаскесінде орын алған. Әр оқиға сайын компания болмашы газ кетті деп хабарлайды.  Егер бұл жер астындағы бір метрдей қалыңдықта орын алса, газ кету ауқымы туралы тек болжам жасауға ғана болады.

Өз кезегінде облыстық экология басқармасының басшысы Ербол ҚУАНОВ тексеру нәтижелері туралы ештеңе айтпай отыр. Біз шығарындылардың нақты көлемі қанша екенін де, қоршаған ортаға әсер ету деңгейін де білмейміз.

Оксфорд мамандарының келгендігін растаған жергілікті ТЖ департаментінің ақпараты да жарытымсыз. Бізге Атырау облыстық ТЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы Қабылбек ҚЫСТАУБАЕВ телефон арқылы былай деді:

– Біз тергеуді уақытша тоқтаттық, Оксфорд университеті мамандарының қорытындысын күтіп отырмыз. Олар тұрба фрагменттерін алып кеткен еді.

Тұрба материалы, пайдалану мерзімі және газ құбырының төселу тереңдігі туралы Қыстаубаев айта алмады. Алайда тұрбаның шойын екенін, әңгіменің күкіртсутекті коррозия туралы болып отырғанын растады. Оның айтуынша, апат бірдей жерде емес, бір-біріне жақын маңдағы жерлерде орын алған. Екі жағдайда да атыраулық күкіртсутегі шүберек қып тастаған жапондық тұрбаларды қайтадан дәл осындай тұрбаларға ауыстырған.

 

ДЕРБЕС САРАПШЫ

Құпиялылықты сақтаймын деген шартпен мен құбыр желісі жөніндегі маман инженерлерінің бірімен сөйлесіп, кейбір жайттар бойынша комментарий алған едім: «Аджипте оффшорлық бөлікте де, жағалау үшін де қолданылатын материалдар бойынша қатаң спецификация бар. Өкінішке орай, менде тек жағалау бөлігі бойынша ғана бар. Суасты тұрбаларын төсеу үшін Аджиптің қандай материалдарды талап ететінін мен айта алмаймын. Қалай дегенмен де, бұл коррозияға аса төзімді материал болуы немесе ішкі және сыртқы коррозияға қарсы жабыны бар материалдар болуы тиіс. 

Тұрбалардың шытынауы қышқыл ортаның (құрамында күкірті бар мұнай немесе қышқыл газдың) тұрбаның ішкі қабырғасына химиялық әсер етуі салдарынан орын алады. Шойынның түйіршіктері арасында темір сульфидінің қабаты түзіледі (бұл долбарлы түсіндіру), соның нәтижесінде шойын өзінің беріктік қасиетін жоғалтады. Мұндай қышқыл газдарды тасымалдауға арналған материалдар түрлі химиялық шытынауға жол бермеуі тиіс. Шойын шытынағанда жарықтар арқылы газ кететіндігі сөзсіз. Шытынауға екі фактор себеп болуы мүмкін: пайдаланылған материалдың Аджип спецификациясына сай келмеуі немесе ортаның коррозиялық қасиетін қате бағалау. Шытынау әдетте қате пайдаланумен байланысты болмайды. Бірнеше жыл бойына құбыр желісінің бос тұруы тұрба сапасына әсер етпейді.

Құбырлардың шытынауына қарағанда, мәселе жалғанған жерінде емес, материалда. Маған әуелі газ кетуі орын алып, кейін оның өзінен-өзі жоқ болып кетуі түсініксіз. Шытынағаннан болған газ кетулер өздерінен өзі жоқ болып кетпейді, олар солай тұра береді, егер бұл орын алса, онда жағдай тек күрделене түседі. Газ құбырының жоғары қысымның салдарынан шытынауы мүмкін, алайда, пайдаланатын материалдар әдетте мықтылығына қарай жеткілікті түрде артығымен алынады.

Егер әңгіме шынымен де шытынағандығы жөнінде болса, меніңше, желіні, сөзсіз, түгел ауыстыру қажет.  

 

РАҚЫМСЫЗ КҮКІРТСУТЕК

Біздің басқа дереккөздеріміз де Консорциумның күн тәртібінде барлық үш құбыр желісін де ауыстыру туралы мәселе тұрғандығын айтады.

Аса берік қорытпалардан жасалған құбырлар күкіртсутектен болған коррозияларға неге шыдас бермейді? Бірінші нұсқа: құбырлар құжат жүзінде аса берік; ал, іс жүзінде олай емес. Екінші нұсқа – коррозияларға қарсы тұратын материалдарды дұрыс пайдаланылмауы. 

Қашаған мұнайында 16 пайызды құрап отырған агрессиялы күкіртсутекті бейтараптандыру үшін газ құбырының ішіне метанол айдайды. Ол күкіртсутекті өзіне сіңіреді және өзі де агрессиялы әрі өте қауіпті. Бірақ тек адамдарға. Метанолды шығарып тастау үшін су жүргізіледі. Кейін су шығарылады. Осындай тәсілді қолданғаннан кейін құбыр ішінде коррозияны тудыратын гидраттар пайда болатыны анықталды. Олар неге шығады? Бұл - тексеру барысында анықтайтын басты сауал. 

Біздің сарапшының комментарийін жалғастырайық: «Гидраттардың пайда болуы жарылу туралы нұсқаны растайды. Бұл құбырлар материалын таңдау кезінде газдың коррозиялылығы және/немесе теңіз суының коррозиялылығы жете бағаланбаған болуы керек дегенді білдіреді. Сондай-ақ, егер коррозияға қарсы жабындысы бар құбыр пайдаланылса да, қандай да бір ақаулардың болуы мүмкін».

 

КЕЙІНГЕ ШЕГЕРУДіҢ БОЛУЫ ДАУСЫЗ

Сол себепті Қашағандағы жағдай өте күрделі. Өз кезегінде NCOC-тың сыртқы байланыс менеджері Ханс ВЕНК біздің редакциялық сауалымызға орай берген жауабында былай деп жазады: ««Қашаған» кен орнындағы мұнай мен газды өндіру тексеру дайын болып, сараптамалық зерттеулер қорытындылары шыққанға дейін тоқтатылған. Содан кейін нысандарды қайта шығаруды қауіпсіз жүргізуге болады. Іске асыру үшін қажетті кез келген жөндеу жұмыстары мен мерзімдерін талқылауларды зерттеуді аяқтауға ерте. Газ кетулердің себебін және сарапшылардың жұмыстарын зерттеу үшін қажетті уақытты есепке ала отырып, 2013 жылдың соңына дейін мұнай мен газдың айтарлықтай көлемін өндіру күтіліп отырған жоқ....  

Келесі алдын алу шаралары шеңберінде қазіргі уақытта мұқият көзбен шолып тексеру үшін газ құбырының жер үстіндегі учаскелерін ашу жұмыстары жүргізілуде. Құбыр желісінің теңіздің ар жағындағы учаскесінде газ кетуі мүмкін жерлерді байқайтын құрылғысымен жабдықталған су кемелері мен ұшақтар арқылы мұқият бақылау жұмыстары жүзеге асырылуда. Қалыптан тыс ауытқушылықтар анықталған жоқ. Сарапшылар құбыр желісінен газ кету себептерін анықтаумен айналысуда. Тексеру және зерттеу жұмыстары бірнеше аптаға созылады деп күтіліп отыр».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.