Атырау, 6 тамыз 15:34
 дождьВ Атырау +33.3
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет көкке көтерілді

102 рет қаралды

Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті. Бұл тарихи оқиға «Future Games 2026» халықаралық турнирі аясында арнайы рұқсат етілген аумақта жүзеге асты.

Бұл – Қазақстан тарихында алғаш рет жолаушы тасымалдаған ұшқышсыз әуе аппаратының сынақ ұшуы. Әуе кемесі екі адамға арналған, ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетеді, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін созылады.

Алғашқы кезеңде елдің табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері үстімен ұзақтығы 5–30 минут болатын туристік бағыттар іске қосылмақ. Болашақта мұндай жүйелер көлік инфрақұрылымын толықтырып, заманауи тасымалдың бір бөлігіне айналады.

Жоба аясында ұшқышсыз әуе жүйелерін медицина, дәрі-дәрмек жеткізу, өрт сөндіру, логистика және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа салаларда қолдану көзделіп отыр. Сонымен қатар, кезең-кезеңімен Қазақстанда өндірісін жолға қою жоспарланған. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, жоғары технологиялы машина жасау саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі тиісті органдармен бірге қалалық әуе мобильдігін дамыту үшін құқықтық және инфрақұрылымдық негізді қалыптастыруда. Заңнамалық өзгерістер қабылданып, вертипорттар мен ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесіне қатысты талаптар бекітілді.

Бүгін, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.