Атырау, 19 желтоқсан 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Министрдің жалақысы мұғалімдікінен неше есе көп?». «Жиһадқа кеткен қазақтар». «Ғылымға қазақ тілі керек емес екен...». «“Қазақ мүддесіне сай исламдық мектеп қалыптасуы керек”». «Үкімет игерілмей қалған қаржыны қайтармайды».

2 670 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Тәуелсіз экологтарды лас жерлердің кейбіріне жібермеді» - Теміртау, Балқаш пен Екібастұздағы химиялық қалдықтармен ластанған жердің экологиясын тәуелсіз тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ экологтарға барлық жерден сынама алуға рұқсат етпеді.

«Министрдің жалақысы мұғалімдікінен неше есе көп?» - Министр, әкім мен орынбасарларының жалақысы 2014 жылдың 1 қаңтарынан 50 пайызға өсуі тиіс. Ал бюджет саласындағы басқа қызметкерлердің жалақысын өсіру туралы айтылмайды.

HALYKSOZI.KZ.   «Айтысты қолға алуға тырмысып жүрген күштердің бар екенін сеземін...» - Елбасыға барып, ортадағы «жолбикелердің» айтысты жамандаған сөздерін жоққа шығарып, төл өнеріміздің теледидарға шықпағанына көп болғанын, бәрін-бәрін жеткізгім келді.

«Жиһадқа кеткен қазақтар» - Ғаламтор арқылы таралып, қоғамды дүр сілкіндірген Сирияға аттанған 150 қазақстандық туралы жазбаны мұқият қарап шыққандар қолына қару алып, ажал сағатын тағатсыздана күтіп отырған «жиһадшылардың» ішінде кем дегенде 30 бала жүргенін айтады.

«Ғылымға қазақ тілі керек емес екен...» - Қазақстанның ғылым саласындағы ізденушілерінің 62 пайызы ғана қазақ тілін жетік біледі екен.

ULT.KZ.  «Өзге тілге деген құрмет...» - Қазақ халқы – бала тәрбиесіне бесікте жатқаннан-ақ үлкен мән беріп, аяқтарын нық басқанша бойларына ұлттық құндылығымызды сіңіре тәрбиелеген рухшыл халық.

«"Қазақ жылқыларын құртудың астарында сұрқия саясат жатыр"» - «Ежелден сәйгүлік баптаған елдің ұрпағымыз. Еліміз егемендік алғалы тұлпарлар тағдыры қазақы қаны бар азаматтардың қолына көшті.

MAIDAN.KZ.  «Біздің «Нұр-Отан» – «Құр-Отан» БА?!» - Ежелгі заманнан сақтап келе жатқан асыл қасиеттеріміздің бірі – жауынгерлік болса, кейінгі кезде соны көшенің қара төбелесі дәрежесіне дейін төмендетіп алғанымыз өкінішті.

«“Қазақ мүддесіне сай исламдық мектеп қалыптасуы керек”» - Қасымызда жихад жасайтын, өз-өзін жарып жіберуге әзір жанкештілер тәрбиеленіп жатқанын көзіміз көріп отыр: оған дер кезінде қарсылық шара жасамай, бір нәрсе бүлінгенде ғана шулай жөнелеміз. Бұл біздің самарқаулығымыздың кесірі.

AIKYN.KZ  «Қазақ дипломатиясының тарихы зерделенеді» - Қазақ тарихы соңғы бірер ай көлемінде қазақ хандарына қатысты мәліметтермен толығып жатыр. Cолардың ішіндегі назар аударарлығы – Абылай ханның, Тәуке ханның Қытай билеушілерімен жазысқан хаттары.

ALASHAINASY.KZ. «Өзіміз де жасанды болып кетпесек игі» - Табиғи заттың  бәрі жасанды дүниеге көшкен қоғамда биологиялық белсенді қоспалардың бизнесі қыз-қыз қайнап тұр.

«Үкімет игерілмей қалған қаржыны қайтармайды» -  Енді жылдың аяғына дейін игерілмеген қаржы келесі жылға қайтарылмайды, келер жылға қарай да аударылмайды.

NAMYS.KZ «Ағылшын тілі мектеп оқушыларының сағын сындырып жатыр» - Биылғы оқу жылына енгізілген жаңалық мұғалімдер қауымына артылған үлкен жүк болса, ата-аналар үшін шошынарлықтай жағдай болды.

JASQAZAQ.KZ. «Күзгі бензин безгегі»- Бір қызығы, бензин бағасы көтеріліп еді, ел ішінде өнім тапшылығы байқалды.

4 қараша 2013, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.