Атырау, 27 желтоқсан 05:33
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Облыстық ауруханаға арналған ғажайып аппарат

4 046 просмотра

Атырау облыстық ауруханасы республикалық бюджет есебінен сатып алынған бауыр ткандерін зерттеуге арналған фиброскан деп аталатын диагностикалық аппаратқа ие болды.

«Фиброскан» аппаратының көмегімен бауырды зерттеу эластография деп аталады. Бауырдың тек (биоптат алынған)  кішкене бөлігін ғана зерттеуге мүмкіндік беретін биопсиядан айырмашылығы эластрография ағзаның толық көрінісін береді және фиброз (фиброз – қалыпты тіннің берішті дәнекер тінге ауысуы, бұл процесс бауырдың созылмалы ауруының белгілі бір кезеңдерінде байқалады) дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Эластография процедурасы УЗИ-ге қатты ұқсайды. Оған 10-15 минуттан көп уақыт кетпейді. Биопсиядан айырмашылығы - бұл әдіс қарапайым әрі ауыртпайды.

– АппаратФранцияда ойлап шығарылған. Оны орнатып, жұмысын ретке келтірген мамандар біздің аурухананың төрт УЗИ мамандары үшін екі күндік семинар өткізді. Зерттеу тек бастапқы диагнозды қою үшін ғана емес, емдеу тиімділігін, науқасты бағыттау әдісін анықтау үшін қажет, - дейді облыстық аурухананың УЗИ дәрігері Гүлбану САДЫҚОВА.

Бұрын атыраулық пациенттерге эластографияға түсу үшін Алматы мен Астанаға немесе көршілес Астраханға баруға тура келетін. Кейбір пациенттер эластографиядан ай сайын өтіп тұруы тиіс болғандықтан, оларға тұрақты түрде тексеруден өтіп тұруға қалталары көтере бермейтін.

Бізде созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын 471 пациент есепте тұр, олардың ішінде балалар да бар. Олардың барлығы емдеу процесіне мониторинг жасау үшін тұрақты эластографиядан өтуге мұқтаж. В және С вирусты гепатитке шалдыққан науқастардан басқа эластография бауырдың вирустық емес этиологиясымен: циррозбен, майлы және алкогольді дистрофиямен ауыратын науқастарға қажет, – дейді жұқпалы аурулар ауруханасының гепатолог дәрігері Нұрфия ҚИЗАТОВА.

Аталмыш сырқаттармен есепте тұрған пациенттерді тексеру тегін жүргізіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

1 қараша 2013, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.