Кеден Ресейден ұрлап әкелінген шетелдік көлікке қатысты қылмыстық істі тергеуді тоқтатты.
Естеріңізде болса, өткен жылдың күзінде ҚР аумағына шетелде шығарылған автокөліктерді әкелу заңдылығын тексеру барысында Атырау облысына контрабандалық жолмен келген Ауди А8 автомашинасы анықталған еді. Бір қызығы, бұл машина Шымкент қаласының әлдебір тұрғынының атына тіркелген болып шықты, алайда, оның бұл туралы күдігі де болмаған.
ҚР ІІМ Интерпол ұлттық бюросының мәліметтері бойынша, Ауди А8 машинасы РФ аумағынан ұрланған көлік ретінде ресейлік әріптестерінің дерекқорында болып шыққан. Мұндай жағдайлар бізде сирек болады және кеденшілер «экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған («АЖ» №47-«Кеден ұрланған көлікті анықтады»).
Жақында біздер тергеу қорытындыларын білмек болғанбыз. Кедендік бақылау департаментінің экономикалық қылмыстармен күрес және жауап алу бөлімінің бастығы Мұрат ІЗҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, қылмыстық істі тергеу «айыпкер ретінде тарту үшін тұлғалардың анықталмауына байланысты» тоқтатылған болып шықты. Оның мәнісі контрабандалық жолмен әкелу фактісі қағаз жүзінде ғана анықталғандығында болды, ал, алда көліктің өзін Қазақстан даласында іздестіру міндеті тұр. Ол үшін барлық облыстарға бағдарлар жолданды.
Лев ГУЗИКОВ