Атырау, 26 қараша 11:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Бастысы, жер астынан шықтық»

2 432 просмотра

Қайта жаңғырту жүргізіліп жатқан «Атырау – Ганюшкино темір жол өткелі учаскесі» учаскесінің көптен күткен ашылу күні жақындаған сайын билік пен тапсырыс беруші арасында келіспеушіліктер көбейіп бара жатыр: мердігер ҚТЖ ҰК жолөткел арқылы қозғалысты кесте бойынша (30 қараша) бастаймыз десе, облыстық әкімдік 25 қарашада, ал қалалық әкімдік 10 қарашада ашуды талап етіп отыр.

Әрине, осылардың ішінен Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ селолық округтер әкімдерінің есеп беруінде айтқан күні әр қалалықтың жүрегіне жақын – халық теміржолшылар жасап жатқан жөндеу жұмыстарынан туындап отырған ыңғайсыздықтардан әбден шаршады. Алайда 24 қазанда облыстық әкімдікте болған жиналыста облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ былай деді:

- Мен Асқар Ұзақбайұлымен сөйлестім, 25 қарашада бәрін бітірулері керек.

Ол өз сұхбаттасушысының тегін айтпады, бірақ әңгіме ҚТЖ АҚ президенті Асқар МӘМИ турасында екенін болжау қиын емес болар. Бас мердігер - «Жаңабастау НС» ЖШС-нің бас инженері Руслан АЙТАХУНОВТЫҢ «тездету тактикасынан» тіптен хабары жоқ сияқты:

- Біз жұмыс өндірісі кестесіне сәйкес жүріп келеміз, қозғалысты қараша айының аяғында ашамыз. Жұмыстар тәулік бойы екі ауысыммен жүріп жатыр. Нысанда 60 адам және 10 арнайы техника жұмыс жасауда.

Анықтағанымыздай, жобалық-сметалық құжаттама және ҚТЖ-мен жасасқан келісімшарт бойынша мердігер нысанды желтоқсанның аяғында тапсыруы керек болатын, алайда учаскенің маңыздылығына байланысты мерзімді қысқартып, құрылыс басындағы ақпараттық баннерде тапсыру күні 30 қарашаға белгіленген. Тамыз айында мердігер жұмыс кестесінен озып келе жатқандарын және жолөткелді қазанның аяғында тапсырамыз деп те сөз берген («АЖ», №35, 29.08.13 күнгі «Бәрі де өз жолымен...»). Өкінішке орай, қазіргі ахуал, біздің сырттай бақылауымызша, мұндай оптимистік тұжырымға сәйкес келмейді. Әзірге жолөткелдің өткіні (пролет путепровода) салынатын төрт бетон бағаналардың біреуі ғана тұрғызылған. Яғни, 25 қазанда құрылыс алаңына барған сәтімізде осы маңызды операциялардың барлық кезеңдерін көре алдық. Прораб Рүстем БОРАЕВТЫҢ айтуынша, бұл, расында да, ең маңызды кезең екен:

- Ең бастысы, біз жер астынан шықтық.

Осы бір екіұштылау, бір жағынан ертегі мәтініндей сөз ең «лас» жұмыстар аяқталғанын білдіреді екен: қазаншұңқыр қазу, топырақ төгу, коммуникацияларды көшіру, бетон бағаналарды орнату жұмыстары жүргізілген... Бораевтың айтуынша, енді қалғаны – барлық бағаналарды тұрғызып, үстінен өткінді қою.

- Қарашаның аяғына дейін бітіреміз, жүз пайыз, - деп Айтахунов қызметкерін қолдап қойды.

Тапсыру қарсаңында тағы бір күрделі мәселе туындады. Тараптар өткел астындағы көлік жолына кім асфальт төсейтіндігі жөнінде келісімге келе алмады. Тас жол төсеуді қажет ететін жолдың ұзындығы 5 шақырым (бір бағыттағы жолақтың ені 11 метр және әр қайсысының ұзындығы 1 200 метр).

- Жауапкершілік аймақтарымызды белгілеп алуымыз керек: біздің міндетіміз – темір жол өткелін қайта жаңғырту, - дейді Айтахунов.– Көлік жүретін бөлікті асфальттау – қалалық әкімдіктің міндеті. Сондай-ақ, биліктеріңіздің осы учаскені жарықтандыру бағаналарын басқа жерге көшіру туралы бүгіннен бастап ойлай берулеріне кеңес берер едім.

Әкімнің орынбасары Қарағаев бұл тұжырымға былай деп жауап қатты:

- Мен бұл мәселеге түсінік бере алмаймын, өйткені жобалық-сметалық құжатты әлі көрген жоқпын. ҚТЖ-ның ауызша айтқан уәделері бойынша, автокөліктер қозғалысы 10 қарашада ашылады, ал нысандағы жұмыстар толықтай аяқталғанша жалғаса береді.

Жұмыстар басталар алдында тапсырыс беруші халыққа жол өткелі мен оның астындағы төрт қатар асфальтталған кең автомобиль жолы өзара үндесіп, жүріс-тұрысқа ыңғайлы болады деп ауыз толтыра сөз беріп еді. Ал жұмыс алаңында «жол ашылады, алайда алғашқы кездері көліктер шебін үстімен жүреді» деген алып-қашпа әңгімелер жүріп жатыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

31 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.