Атырау, 10 желтоқсан 16:55
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Мықтылар қолғап қағыстырды

3 745 просмотра

30 сәуірде  «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қазақтың батырлары Исатай мен Махамбет жүлдесі үшін бокстан болған ІІІ халықаралық турнир аяқталды.

– Бастысы, біз біздің турнирдің жабылуы  және оның Бүкіләлемдік әуесқой бокс ассоциациясы (АІВА) жарыстарының тізімінен шығарып тастағандығы туралы айтылған алып-қашпа әңгіменің ақиқатына көз жеткіздік,-деді облыс құрамасының бас бапкері Адик БЕРМЕШЕВ. – Турнир өте жоғары деңгейде өтті, ал, бұл келесі жылы бізге биылғы келгендерден де күшті, титулды спортшылар келеді дегенді білдіреді. Біздің боксшыларымыз  3 алтын медальды жеңіп алды: 49 кг. дейінгі салмақта – Рашид САЛАВАТОВ, 56 кг дейінгі салмақта  – Ислам ТҰРСЫНҒАЛИЕВ,  91 кг жоғары салмақта  – Рахман ӘЛЖАНОВ (суретте). Күміс жүлдеге аса ауыр салмақтағы Дәурен МАХАМБЕТОВ ие болды. Қола медаль   52 кг дейінгі салмақтағы – Болатбек ӘБДІРОВКЕ, 56 кг дейінгі салмақта – Қанат МАХАМБЕТОВ пен  Ерасыл ЖАРЫЛҒАСОВҚА, 69 кг дейінгі салмақта – Рустем ӘЗБЕРГЕНОВКЕ және 81 кг дейінгі салмақтағы Асланбек ТАРИХОВҚА бұйырды.

Әзбергеновтің ресейлік боксшымен болған жекпе-жек нәтижелері бойынша компьютер тең нәтиже берді, алайда бүйірдегі төрешілер басқан нүкте ресейлік қонақтың соққыларының дәлдігін көрсетті. Бұл жоғары деңгейлі төрешілерді сендірді.

Енді облыс боксшыларына өздерін мамыр айының ортасында Павлодарда өтетін Серік Қонақбаев Кубогінде көрсете білу міндеті тұр. «Кесте бойынша біз 5 спортшыны ұсынуымыз керек. Біз онда жас боксшыларды жібергіміз келеді. Ал, тәжірибелі спортшыларымызға демалыс бермекпіз. Өйткені, маусым айында облыс құрамасын Қазақстан бокс федерациясы Кубогі аясында матчтық кездесу күтіп тұр»,-дейді А.Бермешев. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В. Истомин

4 мамыр 2011, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.