Теміржол вокзалының қарсысында бой түзеген «Самал» тұрғын үй кешенін салуды бастаған «Бонита Инжиниринг» компаниясы құпия жоғалып кеткеннен кейінгі он жыл бойғы өлі құрылысқа жан бітті.
Үйлердің терезелерінде пластикалық сұлбалар пайда бола бастады. Балкон қоршаулары қайтадан силикат тастармен өрілді. Бұл жерден біздер өз пәтерлерімізді ала аламыз ба?,-деп сұрайды бұрынғы «Бонита» «лақтырып» кеткен осы құрылыстың үлескерлері. Олардың сауалына жауап алу үшін біз мердігер компанияның басшылығы, құрылысты жүзеге асырушы «УС-99» ЖШС-не хабарластық.
ЖШС директоры Аркадий КИМ шын мәнінде осы үйді үстіміздегі жылдың желтоқсан айында тапсыру туралы «Строй-Недвижимость» компаниясымен келісім-шартқа қол қойғандығын хабарлады. Және ол қазір сол үйдің үлескер-кредиторларының тыным бермей отырғандығына қынжылыс білдірді. Оларға көптен күткен пәтерлері беріле ме деген сауалға жауап бермеді және ол тапсырыс беруші компанияға, яғни, Азаттық даңғылы, 42 үйдегі «Геотекс» ғимаратында орналасқан «Строй-Недвижимость» ЖШС-не жолығуға кеңес берді. №3 кабинетте бізге бұл басқа компанияның кеңсесі екендігін, ал, «Строй-Недвижимость» ЖШС-нің бірнеше жыл бұрын жабылып қалғандығын хабарлады.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті директорының орынбасары Мақсот ЕСІМОВ тапсырыс беруші фирма туралы ештеңе белгісіз екендігін хабарлады. «Қалған үлескерлердің саны 5-6 ғана, өзгелері қалай болғанда да өз үлестерін ала білген. Құрылыс «Бонитадан» алматылық «Бизнес-строй» компаниясының меншігіне берілген. Кейін ол компанияға «Қазақстан халық жинақ банкі» құрсау салды. Халық банкіне аяқталмаған құрылысты сатуға мүмкіндік болған ғой ,-дейді Есімов. Ол үлескерлерге әділеттілікті соттан іздеуге кеңес берді. Бірақ, сотқа кімді бермек? Бұл сауалға «Бонитаны» деген жауап алдық.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген В. Истомин