Атырау, 24 қараша 10:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайрат Мәми жергілікті соттардың жұмысын сынады

1 427 просмотра

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бейне байланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларымен және судьяларымен, судья әдебі жөніндегі өңірлік комиссиялардың жетекшілерімен, облыс орталықтары мен қала маңында орналасқан аудандық соттардың төрағаларымен жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

«Күн тәртібіндегі басты мәселе республикада сот төрелігін жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі болды»,-деп жазылған хабарламада.

Қ.Мәми қазақстандық соттардың ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыс қорытындыларына қысқаша тоқталып, сот жүйесіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелерге назар аударды.

Мысалы, ақтау үкімдері санының көбеюімен бірге елде күші жойылған және өзгерген сот актілерінің саны үздіксіз өсуде. Республика бойынша сот актілерінің 9,5%-на шағым жасалып, әрбір екінші сот шешімінің күші жойылады.

Тек ағымдағы жылдың 9 айында аудандық соттардың 1796 адамға қатысты үкімдері қате деп танылды. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 %-ға жоғары. Жергілікті соттардың 6 мыңға жуық шешімдерінің күші жойылған. Қадағалау және кассациялық сатыдағы соттар Алматы қаласы соттарының 45 шешімін, Астана қаласы соттарының 18 шешімін және Шығыс Қазақстан облысы соттарының 16 шешімін қалпына келтірді.

Қ.Мәмидің айтуы бойынша, өңірлердегі мұндай ахуал кейбір облыстық соттардың жергілікті жерлердегі істің жағдайы үшін жауапкершіліктен шет қалғанын, ал бірінші сатыдағы соттар ешқандай практикалық көмек алмайтынын дәлелдейді.

«Облыстық соттардағы судьялардың біліктілігі не төмен, не істің дамуында белгілі бір мүдде бар деген ой туады. Осындай сәттер соттарға деген сенімсіздік пен наразылық тудырады, - деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы. – Міне, біз сот актілерінің 90 %-дан астамы заңды әрі әділ деп танылғанын мақтанышпен айтамыз. Ал қалған бірнеше пайыз – бұл судьялардың кемшілігіндегі тек құрғақ цифр ғана емес, бұл – адам тағдыры. Биыл екі мыңға жуық адам судьялар қателігінің құрбаны болды. Сот билігі беделінің төмендеуі мен судьяларға деген сенімсіздіктің басты себебі осында. Осының нәтижесінде біз қоғаммен түсінісе алмай жүрміз».

Дереккөз: bnews.kz

24 қазан 2013, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.