Атырау, 10 желтоқсан 23:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Ақылды жабдық

3 180 просмотра

Облыстық ауруханада арқасы ауыратын жандарға арналған жаңа жабдық пайда болды. Оңтүстік кореялық аппарат омыртқаны созу үшін қолданылады.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВТЫҢайтуынша, құны 6 млн теңге тұратын аппаратты аурухана демеуші - «КТК-К» компаниясы есебінен сатып алған.

20 жылдан астам уақыттан бері омыртқа проблемасымен айналысатын оңтүстік кореялық мануалды физиотерапевт жасап шығарған жабдық автоматтанған кушетка түрінде жасалған. Ол берілген науқас диагнозына байланысты жаттығулармен қатар омыртқаны созады.

Пациентте компьютерлік томография мен МРТ қорытындылары болса жеткілікті, - дейді облыстық аурухананың физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғайни ДӘУЛЕТОВА. Оның диагнозы, сондай-ақ бойы мен салмағы компьютерге енгізіледі де, аппарат қандай күшпен және қалай созу керектігін өзі шешеді. Аппарат жаттығулармен қатар созады, бұлшық ет корсетін қатайтады, проблемалы сегментке чип салынады, аппарат чипті тауып, осы аймақта жұмыс істейді.

Дәрігерлердің айтуынша, заманауи жабдық жарық (грыжа) пен  омыртқа аралық дискілердің протрузиясы, пульпозды жарық, омыртқа стенозы (омыртқа каналының тарылуы), сколиоз, тік мүсіннің бұзылуы, компрессиялық фактор әсерінен арқа мен аяқ-қолдың ауыруын отасыз емдеуге арналған.

Қарсы көрсетілімдер де бар: бұлар жүктілік, омыртқа артериясының синдромы, омыртқа-қозғалыс сегментінің тұрақсыздығы, ашық остеопороз, дискінің секвестрленген жарығы, онкологиялық және инфекциялық процестер. Сонымен қатар, сынықтан кейін аппаратпен бірден емделуге болмайды.

Менің көзімше ем алуға бір бойжеткен келді. Алынған зақым салдарынан 23 жастағы Анарға «сколиоз» және «бел омыртқасының протрузиясы» деген диагноз қойыпты. Ол амбулаториялық түрде ем алуда. Нәтижелері туралы былай дейді:

Бұрын қатты ауырғаны аяғыма берілетін, қазір ауырғаны бәсеңдеді. Маған 10 сеанс тағайындады. Мен тек 6-ын ғана ала аламын. Жұмысыма байланысты мүмкіндігім жоқ.

Бір сеанстың құны – 1 300 теңге, дәрігерлер әр сеанстан кейін 20-30 минут жатуға кеңес береді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.