Бюджет жобасына сәйкес, 2014 жылғы түсімдер 2013 жылғы бюджетке қарағанда 532 млрд. 312 млн. теңгеге өсіп, 5 трлн. 760 млрд. 700 млн. теңгені құрайды. Ал 2015 жылы - 6 трлн. 229 млрд 600 млн, 2016 жылы - 6 трлн. 873 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын болады. Шығыстарға келсек, 2014 жылы 6 трлн. 703 млрд. 100 млн.теңгені құрайтын болады. Бұл көрсеткіш 2015 жылы - 7 трлн. 207 млрд. 200 млн теңгені, ал 2016 жылы - 7 трлн. 836 млрд. 900 млн. теңгені құрайды. Ал бюджат тапшылығы 2014 жылы 2014 жылы - 942,4 млрд. теңгені немесе ІЖӨ-ге 2,4 пайызды, ал 2015 жылы - 977,7 млрд. теңгені, 2016 жылы 963,5 млрд. теңгені құрайтын болады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, бюджет жобасын қалыптастыру әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2014-2018 жылдарға арналған бюджеттік паратметрлердің базалық сценарийі мен әлемдік көрсеткіштерге негізделген. «Атап айтқанда, 2014-2018 жылдары әлемдік экономиканың 2014 жылғы 3,8%-дан 2018 жылғы 4,3%-ға дейін баяу, алайда үдемелі өсуін болжайды. Мұнайдың бағасы, соңғы бес жылдағы орташа бағаны ескере отырып бағалау бойынша 90 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді. Мыс бағаларынан басқа, металл бағалары елеусіз ғана өседі деп болжанады», - дейді Ерболат Досаев.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА