Атырау, 5 қараша 15:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Қала маңы автобустарды көбейтіп, жолдар салуды сұрайды

2 161 просмотра

16 қазанда Атырау селолық округтер әкімдерінің есебі басталды. Алдымен Жұмыскер мен Еркінқала әкімдері есеп берді.

Белгілі болғандай, тамызда ел президенті жарлыққа қол қойып, соған сәйкес, аудандық маңыздағы қала, ауылдық округтер, сондай-ақ, поселкелер мен селолардың әкімдері тоқсан сайын бір мәрте жасалған жұмыстары туралы есеп беруге тиіс. Бұл есеп беруде облыс орталығының әкімдері өз орынбасарларымен бірге қатысуға міндетті. 16 қазанда Атырау қаласының әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ өз орынбасарларымен, коммуналдық қызметтердің, қалалық білім беру бөлімінің басшылары және т.б.‑мен бірге Жұмыскер мен Еркінқалада болды.

Селолық округ тұрғындарының проблемалары бірдей: қала маңындағы бағытта автобустар тапшы, кешкі сағат жетіден кейін олар қала маңына жүруді тоқтатады; село мен шағын елді мекендердің ішінде асфальтталған жол жоқ.

Біздің бағытымыз бойынша тек 11-ші және 52-ші маршруттар жүреді, онда да сирек, халық лық толады. Таңертеңгілік қаладағы жұмысқа жету үшін такси ұстауға тура келеді, - деп шағымданды жұмыскерліктер.

Осы мәселелер бойынша әкім тиісті қызметтерге бір апта ішінде ахуалды анықтауға тапсырма берді.

Сөз алушылардың бірі әділ айтқандай, бізде жолдар салынса да, тек машиналарға ғана арнап салынады, жаяу жүргіншілер жолдарын ойламайды.

Балалар мектепке барар жолда асфальтпен, яғни, көлік жолымен жүруге тырысады, ал бұл өте қауіпті, - деді ол.  

Айтпақшы, бұл проблема тек селолық округтар үшін ғана өзекті емес, облыс орталығында да жаяу жүргіншілер жолы қарастырылмаған жерлер көп. С. Айдарбековтің айтуынша, енді жолдарды жобалау кезінде жаяу жүргіншілердің болуы міндетті талап болады.

Еркінқала тұрғыны Жақсылық ДАЛДЫРБАЕВ қазіргі кезде түбі балшыққа тұнған Сарыөзек арнасы туралы мәселені көтерді. Ал егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы суару-суландыру жүйесінің жұмысына байланысты ғой. Сөйтсек, арна республикалық мемлекеттік «Атыраусушар» кәсіпорнының құзырында екен.

Бірақ жергілікті басшылық осы мәселені Астана алдында көтеретін болады, - деп уәде берді Серік Айдарбеков.

Еркінқала тұрғындарын алаңдататын тағы бір проблема – олардың отбасымен демалатын, жастардың кеш болса шығатын жерлері жоқ екен. Клуб ғимараты құлап жатыр, бұрынғы бақ жоқ. Селода қаза болған жауынгерлерге арналған шағын ескерткіш бар. Оған 9 мамырда еркінқалалықтар гүл қоюға келеді, бірақ ол іргелес аумақ ретінде абаттандыруды қажет етеді. Еркінқалада ресми түрде 6 078 тұрғын, соның ішінде 406 зейнеткер, 29 жасқа дейінгі 3 351 жастар, 102 мүгедек, әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж 15 адам тіркелген. Жыл басында жұмыссыз ретінде округтің 74 тұрғыны есепте болған, оның 48-і оқу мен жұмысқа жіберілді.

Тұрғындардың көпшілігі балық аулаумен және ауыл шаруашылығымен айналысады. Елді мекенде 32 дүкен, 2 пластик терезелер өндірісі, 2 монша, 2 шаштараз, 2 мейрамхана мен супермаркет жұмыс істейді. Жыл басынан бері 2фермерлік шаруашылық пен 2дүкен ашылған. Биыл Еркінқалада емхана құрылысы басталды. Ракушада асфальтталған жолдар салуға жобалау­-сметалық құжаттама дайындалды. Алайда жұмыстар қаржы болмағандықтан анағұрлым кейінгі мерзімге қалдырылды. Еркінқаладағы орта мектепті күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама дайындалды, жұмысты бастау 2014 жылға жобаланған. Ал Өтемісұлы атындағы мектептің апатты ғимараты бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау әзірге аяқталған жоқ.

17 қазанда Ақсай, Қайыршақты және Геолог селолық округтердің әкімдері есеп берді. Геолог тұрғындары Атырау-Доссор тас жолы арқылы өтетін теміржол өткелін қайта жарақтау жұмыстарының қашан аяқталатынын сұрады. Қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ көпір астындағы қозғалыстың 10 қарашада ашылатынын мәлім етті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 қазан 2013, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.