Атырау, 26 қараша 08:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ККЖ: no comment

2 811 просмотра

Теңізшевройлға Теңіз кенішіндегі құны 23 млрд доллар болатын Келешек кеңею жобасын (ККЖ) бекітті. Бұл туралы өткен аптада «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ Алматыда өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Біз анағұрлым толық ақпарат алу үшін ТШО-ға сауал жолдаған едік. Жауап бір аптадан кейін келді. ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Дэвид МакИннис комментарий беруден бас тартып, жауапты қысқа қайырыпты: «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстан Республикасының Теңіз кенішін игерудің технологиялық сызбасының жаңартылған редакциясын бекіткенін растайды. ТШО бұл тақырыпқа қосымша комментарий бермейді».

Келешек кеңею жобасының Екінші буынды зауыт пен Шикі газ айдау жобасынан кейінгі ТШО-ның үшінші жобасы екені белгілі. ККЖ көмегімен Теңізшевройл мұнай өндіру көлемін жылына 25 млн тоннадан 36 млн тоннаға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Жоба құны 20-23 млрд доллар. Жүзеге асыру мерзімі 2018 жылға дейін деп белгіленген.

ККЖ-ны жүзеге асыру кезінде шығындардың жартысына жуық мөлшері қабаттық қысымды көтеру жүйесіне жұмсалады деп күтілуде. Бұл кеніште соңғы жылдары орын алып отырған ең өзекті мәселе.

Теңіздегі қысымның төмендеу себептері туралы айтқанда көпшілік ТШО-ны жеңіл қолжетімді мұнайды өндіру технологиясын қолданып отыр деп айыптайды.

Кез келген инвестор ақшадан басқа, өзімен бірге жаңа технологиялар ала келуі тиіс, - дейді «Каспий Табиғаты» ҮЕҰ басшысы Махамбет ХАКИМОВ. – Алайда ТШО-ға қатысты біз мұндай ештеңе көріп отырған жоқпыз. ККЖ-ге келер болсақ, олар ұңғымалардың жаңа кестесін бұрғылауды ұсынып отыр. Яғни, саны есебінен мұнай өндіру көлемін көбейткісі келеді. Мен ККЖ-ны соңғы нұсқада көрген жоқпын, бірақ біздің қоғамдық тыңдау кезінде көтерген басты мәселеміз – бұл Теңізге дейін модульдік құрылғыларды тасымалдау болатын. Көлемі 5 қабатты үйдей болатын ірі габаритті модульдік құрылғылар бізге баржалармен жеткізілмек. Өзен сағасына жүзіп жету үшін оларға ұзындығы 50 км болатын каналдар қазу керек болады. Біз оларға анағұрлым қарапайым нұсқаны – Жайық өзенінің қорық аймағына кірмей-ақ, модульдер тиеген бұл баржаларды Теңізге жақын жағалау маңына бағыттауды, әрі қарай тайыз сулы жердің түбінен ұзындығы бар болғаны 20 км канал қазып, тікелей Прорваға шығуды ұсындық. Ал олардың қандай нұсқаны қабыл алғанын білмеймін.

Хакимовтың пікірінше, ТШО-ның Келешек кеңею жобасына салып отырған инвестициялары іс жүзінде Қазақстан есебінен қарапайым ғана қайта инвестициялау екен.

2010 жылы Теңізде 105 ұңғы және Королевское кенішінде тағы 16 ұңғы пайдаланылды. Ал ККЖ шеңберінде тағы 71 мұнай өндіретін және 21 айдама ұңғы бұрғыланатын болады. ККЖ іске қосылғаннан кейін (өндірілетін мұнай көлемін көбейту үшін) тағы 144 ұңғыны бұрғылайды, нәтижесінде ТШО пайдаланатын ұңғылар саны327-ге жетеді, - дейді ол.

Шикі күкірсутек газын кері айдау жобасына келер болсақ, Хакимов былай дейді:

Бұл қабаттық қысымды қысқа мерзімді қолдау мұнай беру коэффициентін арттыру үшін қолданылады. Суды айдау анағұрлым тиімді болады, су көлемді ұлғайтып, төменнен мұнайды итеріп шығарады. 

Естеріңізге салсақ, жыл басында біздің газетімізге берген сұхбатында ардагер мұнайшы Мақаш РАХМЕТОВ ККЖ Теңіз кенішін құртады деген пікірін айтқан болатын ККЖ Теңіздің түбіне жетеді!»). Оның есептеулері бойынша, жоба жұмысын бастағаннан кейін 8-10жылдан соң қабаттық қысымның төмендеуі мұнай өндірудің күрт төмендеуіне әкеледі екен.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

8 қазан 2013, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.