Атырау, 26 қараша 10:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ұйымдасқан қылмыстық топ жазасын алды

2 997 просмотра

Атырау қаласының прокуроры Халидулла ДӘУЕШОВТЫҢ мәлімдеуінше, сәуірдің 11-де облыстағы ұсталған  қылмыстық топқа  қатысты сот үкімі шықты.

Бұл топтың «ҚазМұнайГаз» ЖШС-не қарасты №13 жанар-жағар май бекетіне, «VEGA START» ЖШС-не, Атырау ықшам ауданында, Жұмыскер кенттік округінде азаматтарға бірнеше рет шабуыл жасап, тонағаны белгілі болған еді.

- Сот отырысы барысында жеңіл пайда табу мақсатында сотталушылардың бірігіп азаматтар мен ұйымдарға қарулы шабуыл жасап, тонау мақсатында тұрақты бандалық топ құрғаны анықталды. Сотталушылардың кінәлары қылмыстық іс бойынша оқиға болған жерлерді қарау, тінту жүргізу барысында нақты айғақтармен дәлелденді.  Олардың әрқайсысына 9 жылдан-14 жылға дейін мүлкін тәркілей отырып  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,-деп хабарлайды Х.Дәуешов. 

Сот үкімі әзір күшіне енбеген.

Сәния ТОЙКЕН

28 сәуір 2011, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.