Атырау, 26 қараша 08:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көзбен көр де, ойға түй

2 164 просмотра

Жергілікті кеден басқармасы сыбайлас жемқорлықпен күресте шығармашылық тұрғыда атсалысуда. Жақында Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің жас қызметкерлерін тәрбие мақсатында жалпы режимдегі УГ-157/10 колониясына «экскурсияға» апарды.

Айта кетелік, кеденшілер осы мекемеге тұтқын кебін кимей аяқ басқан алғашқы мемлекеттік қызметкерлер еді. Колония аумағымен оларды УГ-157/10 мекемесінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е. ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ алып жүрді. КБД қызметкерлеріне ғимараттарды, асхананы көрсетті, сотталушылардың тұрмысымен таныстырды. Айыппұл изоляторы: кілттердің салдырлаған дыбыстары, темір есіктердің шиқылы, камерадағы ахуалдың өзі күшті эмоцияны тудырды. Бұл абақтыға келушілерге өте ауыр әсер етіп, олар қақпадан шыққан кезде ғана емін-еркін тыныстай алды.

Заң бұзушылықтың, әсіресе жемқорлықтың қандай салдарға апарып соғатынын көрсеткіміз келді, - деп түсіндірді Кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Ғазиз ҚАЙРАЛИЕВ.

Ал мұның алдында Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері өздерінің Ақмола облысындағы әріптестерінің үлгісімен «Жеке із кесуші» циклі бойынша «Жасыл дәліз» ақпараттық-аналитикалық телехабарын көрген болатын.  Фильм көрші Ресейдегі көлеңкелі кеден бизнесінің негізгі сызбалары – жүктерді жасыру, декларацияларды қолдан жасау, баж салықтарын төмендету туралы әңгімелейді. Хабар авторы журналистік тергеу жүргізе отырып, кеденнің сыбайласқан қызметкерлерінен құралған қылмыстық топтардың жұмыс сызбасын, соның нәтижесінде миллиардтаған долларлар ұрланғандығын көрсетеді. Көптеген жоғарғы шенділер сотталды, бірақ кедендік жемқорлықтың тамырына балта шабылған жоқ. Мұндай құбылыстар тек Ресейде ғана орын алып жатыр деуге болмайды. Қорғас туралы тек 20 минуттық телехабар ғана емес, тұтас сериал түсіруге болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қыркүйек 2013, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.