Атырау, 5 желтоқсан 07:14
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Путин Қытай азаматтарының Ресейге визасыз кіруіне рұқсат берді

253 рет қаралды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ҚХР азаматтарының Ресейге кіруі мен шығуының уақытша тәртібі туралы жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды, деп хабарлайды АА.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін ҚХР азаматтары Ресейге визасыз кіріп, елде 30 күнге дейін уақыт бола алады. Бұл ереже қонақтық немесе іскерлік сапарларға, туристік мақсаттарға, ғылыми, мәдени, қоғамдық-саяси, экономикалық, спорттық іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ транзиттік өтуге қолданылады. Кіру үшін ҚХР азаматының қарапайым паспорты жеткілікті.

Жарлықта бұл шаралар «өзаралық қағидат негізінде» енгізілетіні атап өтілген.

Алайда аталған тәртіп Ресейге еңбек қызметін (оның ішінде журналистік), білім алу мақсатында, тұрақты тұру үшін немесе халықаралық автокөлік тасымалдарын жүзеге асыру және көлік құралдарын аудармашы ретінде сүйемелдеу үшін кіретін ҚХР азаматтарына қолданылмайды.

Жарлық 1 желтоқсанда қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

1 желтоқсан, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.