Атырау, 5 желтоқсан 07:36
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматыда балаға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Бейнежазба
281 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Алатау ауданында орналасқан «Каспий» тұрғын үй кешенінің балалар алаңында өрескел оқиға орын алды, деп хабарлайды «Криминальный Казахстан».

Куәгерлердің айтуынша, балалар арасында жанжал туындап, оған ересек ер адам араласқан. Ол жүгіріп келіп, бір баланы соққыға жыққан.

Жағдай одан әрі шиеленіскен: куәгерлердің сөзіне қарағанда, ер адамның жұбайы жарақат алған баланы дөрекі түрде сөгіп, құлағынан тартқан. Бұл әрекет баланың әжесімен ашық жанжалға әкелді.

Жарақат алған баланың туыстары оқиғаға қатысы бар адамдар кінәсін мойындамай, агрессивті мінез-құлық көрсетіп отырғанын атап өтті.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

«Бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның ұстанымы айқын: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және заңға сәйкес қатаң түрде тоқтатылады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда».

Департаментте сондай-ақ тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында екенін атап өтті.

1 желтоқсан, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.