Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Экология министрлігі мен NCOC дауы: 2,3 трлн теңге айыппұл күшінде

262 рет қаралды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі LS-ке хабарлағандай, сот шешіміне қарамастан процесс әлі аяқталған жоқ.

Сот шешімі – жауапкершіліктен босату емес

Бұған дейін Астанадағы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысының экология департаментінің қаулысын рәсімдік қателіктерге байланысты жойған болатын.

Министрлікте атап өткендей, бұл шешім «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясын анықталған заңбұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Аймақтық ведомство соттың ескертулерін түзетіп, әкімшілік әрекеттерді заңды тәртіпте аяқтауы тиіс еді.

Қазір не істелді

Министрліктің дерегінше, Атырау облысының экология департаменті рәсімдік қателіктерді түзеп, кассациялық инстанцияға шағым жолдады.

Сонымен қатар, күкіртті нормадан тыс орналастырғаны үшін 2,3 трлн теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы күшінде қалып отыр. Бұл шешімді NCOC Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде даулауда.

«Шағымдар қаралу үстінде», – деп хабарлады министрлік.

1 желтоқсан, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.